Ақ қайың ауданының этномәдени және діни бірлестіктері жемқорлық дертін талқылады
Ағымдағы жылғы 12 тамызда СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен, Ақ қайың ауданы әкімдігінің ұйымдастырушылық қолдауының арқасында Смирново к. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени және діни бірлестіктердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.СҚО Ақ қайың ауданы түрлі этнос және конфессияларының өкілдері 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, бес институционалды реформаны іске асыру аясындағы өзектілігін талқылап, кездесуге қатысушылардың арнайы әзірлеген баяндамаларын тыңдады.Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің өкілі З.С. Байғаскина мемлекеттік қызмет, құқық қорғау және сот жүйелеріндегі мемлекеттің жемқорлыққа қарсы әрекеттері; жемқорлыққа қарсы заңнаманы…


