Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Қазспорт» телеарнасы дзюдодан Әлем чемпионатын көрсетеді

«Қазспорт» телеарнасы («Қазақстан» республикалық телерадикорпорациясының құрамына кіреді) 24-30 тамыз аралығында өтетін дзюдодан Әлем чемпионатын тікелей эфирден көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК Баспасөз қызметі хабарлайды.

«Дзюдо Федерациясы» РАА мен «Қазақстан» РТРК» АҚ арасында алғаш рет Қазақстанда өткелі отырған дзюдодан Әлем чемпионатын трансляциялаудаң эксклюзивті құқығын беру жайлы келісімге қол жеткізіліп, тиісті Шартқа қол қойылды», - деп хабарлады «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы Асқат Сағынаев.

 

Аталмыш шара 24-30 тамыз аралығында «Алау» мұз айдынында өтеді. «Қазспорт» телеарнасы чемпионаттың іріктеу және ақтық кездесулерін тікелей эфирден көрсетеді. Таңертеңгі кездесулер сағат 11.00-де, кешкі кездесулер сағат 17.00-де басталады.

 

«Қазспорт» телеарнасының редакторлары мен комментаторлары шараның өткізілетін жерінде жұмыс істеп, эксклюзивті материалдар, спортшылар мен жаттықтырушылар штабымен әңгімелесу сұхбаттар әзірлейді.

 

Бүгінгі таңда 123 елден 823 спортшы чемпионатқа қатысатынын растап, шараны жан-жақты баяндау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 160 бұқаралық ақпарат қызметінің өкілдері тіркеуден өтті.

 
0
0
351

Осы тақырып бойынша