Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жүрдек пойыз кетті...

Жылда тамыз айында орын алатын маңызды мәселелердің бірі – билет. Ойлап қалмаңыз, концертке яки керемет шоуға керекті билет деп. Бұл алыс - жақын жерлерге жүрдек пойызбен қатынауға қатысты болып отыр. Тамыз айы сондай бір келімді-кетімді адамдар ағылатын мезгіл. Шет ел асып демалуға кететіндерден бөлек, өp еліміздің ішінде бір қаладан екінші қалаға билет табу даулы мәселе болып отыр. Халық лайықты демалысын алып, қыдырып, қайтуға келгенде билет таба алмай сандалады. Сол секілді, жүктерін арқалап, жаңа оқу жылына асығатын  студенттердің билет табуының өзі жыр.

Менің  түсінігім бойынша, жол жүру билетінің мәселесі тамызда өршіп тұрады. Таныс-тамырды ортаға салып тапқан күннің өзінде де жетсем болды деген бір орынға тап боласың. Осындай кезде екі-үш вагон дайындап қойып, керек – ау деген кезде тиеп жіберсе не болар екен деймін?!

Тальго деген «испандық» пойызы аты затына сай болса ғой, ініне үймелеген құмырсқа құсап, демалмай тікесінен кіріп, шығауыңа тура келеді. Билеті қымбат, тамақ ішуің бір үлкен мәселе, аты да заты да қазаққа әкел, терлеп, рахаттанып шай ішейікші дегенге мүлдем жат. Алайда, айналып келгенде оған да билет таппайсың ғой, шіркін!!!

Жолсерік! Соларды кейде аяп кетемін, кейде сау басына сақина тілеп алған өздері деп те ойлаймын. Оның себебін қазір түсіндірейін. Халықтың қамын ойлап, билет таба алмаған жандарды «зайчик» атымен бір орынның ақшасына мінгізеді. Ары қарай ол адам не үшінші полкаға жатады, не астыңға орында отырған жанның қасына келіп отырып мазасын алады, не жолсеріктің орнына қыстырылып барып жатады. Жолсерікте жұрттың қамын ойлап тұрса, бір жағынан қалта қамы ғой.

Бүгін бір ағымнан жарылып, көп адамның көкейінде жүрген мәселені айтып отырмын-ау. Енді, орын таңдау.  Жас болсын, сау болсын бәрі жабылып астыңғы орынға таласады. Кейбір, беті қалың адамдар бар, отбасымен астыңғы орындарды алып алады. Қасында сап-сау, мініп- түсуге шамасы жететін балдары келе жатады. Осындай кезде қалай таң қалмайсың, бір асты бір үстін алса не кетеді. Қара басының қамын ойлай бермей, бір мезгіл жұртты да ойлайық.

Жоғарыда айтылған ойдың барлығы менің субьективті пікірім. Алғашқы блогымның кемшіл тұстарын айтып, комментарий қалдырып, лайықты деңгейде бағаларсыздар деген үміттемін!

 
0
0
1245

Осы тақырып бойынша

Жүрдек пойыз кетті... - Yvision.kz