Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында браконьерлер қарақұйрық пен киіктерді заңсыз аулады
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесе өткізген рейд барысында Оңтүстік-Қазақстан облысы Арыс ауданының аумағында мотоцикл мінген 34 жасар азаматты тоқтатты.
Көлікті тексерген кезде қарақұйрықтың еті мен 12 калибрлі мылтық табылып, тәркіленді.
Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.
Сондай-ақ, «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының аумағында мотоцикл басқарған браконьерден киіктің 5 өлексесін анықтап, тәркіледі.
Ұсталу орнына Қаражал қ. ІІБ-нің жедел тобы шақыртылды.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz
