Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар белсенді өткізілуде

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Маңғыстау облысы бойынша агро-өндірістік комплексінің инспекциясында мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар-лекция өткізілді. Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы Сұлтан Сахан іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау методикасы, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жосп…

0
0
324

Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыс бойынша жарысы өтті

2015 жылдың 15 тамызында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы бас аппаратының қызметкерлері арасында жазғы көпсайыстан ХV спартакиада өтті. Жарысқа 24 қызметкер қатысты. Жазғы көпсайыс - салауатты өмір салтын насихаттау, Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлерін дене шынықтыру, спортпен айналысуға тарту мақсатында өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыстық жарыстардың нәтижесі бойынша ең үздік қызметкерлер анықталғаннан кейін көпсайыстан республикалық жарысқа қатысу үшін Шығыс Қазақстан ОТД-сының құрама командасы жасақталады. Ерлер командасы арасындағы жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орынды Телекоммуникация желілерін дамыту цехының электромонтерлері М. Естаев пен М. Қадесов өзара бөліссе, үшінші орынды Же…

0
0
1440

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова елдің білім беру жүйесінің қызметкерлерімен кездесті

ҚР Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елдің білім беру жүйесінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуге Білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіпов, сондай-ақ ауыл мұғалімдері, жаңашыл педагогтар, педагогикалық және ғылыми мекемелердің басшылары қатысты. Шара барысында Гүлшара Әбдіқалықова қатысушылардың назарын Нұрсұлтан Назарбаевтың «бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген сөзіне аударды. Сонымен қатар ол адами капиталдың сапасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары негізінде арттыру білім беру жүйесін жаңғыртудың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы осы кезеңінің басты ерекшелігі екеніне тоқталды. Биыл білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік б…

0
0
419

Астанада «Мейірімді алақан» қайырымдылық акциясы басталды

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы аясында елордада «Мейірімді алақан» қайырымдылық шарасы басталды.

Астана қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, қаладағы орталық базарда және  «Жаннұр», «Евразия», «Магнум», «Green» сауда орталықтарында портфель істпетті арнайы контейнерлер орнатылған. Оған кез келген қала тұрғыны киім-кешек пен кеңсе тауарларын сала алады.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы басталғалы бері жалпы саны 31 мыңнан астам балаға көмек көрсетілген.

Қайырымдылық шаралары 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

0
0
583

Арай сауда үйінде бомба қойылды деген жалған ақпарат берілді

Павлодар қаласындағы «Арай» сауда үйіне бомба қойылған деген жалған ақпарат таратқан ер азамат қолға түсті. Оқиға Тамыз айының 17 жұлдызында сағат 12.55-те орын алған.

***«102» операторының пультіне ер азаматтың ұялы телефонынан Исиналиев көшесі бойындағы  «Арай» сауда орталығына жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шұғыл түрде дүкенге арнайы бөлініс қызметкерлері жіберіліп, ғимараттағы адамдар сыртқа шығарылды. Абырой болғанда, бұл хабардың жалған екендігі мәлім болды. Тәртіп сақшыларына 38 жасар, бұрын сотталған ер адам қоңырау шалған екен. Жалған ақпарат тарату барысында азаматтың мас болғандығы анықталды. Қазір, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

0
0
230

Аллергияның асқынған маусымы

Аймағымызда аллергиямен ауыратын адамдар қатары жыл санап артуда. Сала мамандарының мәліметінше, олардың саны 20 мыңнан асып жығылады. Дәрігерге кеш қаралатындықтан, науқастардың көбі ауруын асқындырып алады. Сырқатқа тосқауыл болмаудың тағы бір себебі өңірімізде аллерголог мамандар тапшы. Осы және өзге де мәселелер арнайы брифингте мәлім болды. Аллергиямен ауыратын науқас окулист, отоларинголог, педиатр, терапевт пен дерматолог сияқты дәрігерлердің тексеруінен өтеді. Ал сырқаттың нақты диагнозын анықтайтын аллергологтардың саны аз. Өңірімізде бар жоғы 7 маман бар. Оның біреуі Ақсу қаласында жұмыс істесе, қалған алтауы Павлодарда қызмет көрсетеді. СТАНИСЛАВ КИМ, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас аллергологы Өкінішке орай, өңірімізде аллерголог мамандардың тапш…

0
0
332

«Ордабасы» командасы бапкерсіз қалды

Шымкенттің "Ордабасы" командасы бапкерсіз қалды. Команданы бұған дейін баптаған бас бапкер Виктор Кумыков клуб басшылыгғымен келісе алмай, алғашқы үшттікке кіруден үмітті боп тұрған шақта команданы орта жолдан тастап кетті. Айтып өту керек, соңғы кездері "Ордабасы" командасына бас бапкер тұрақтамай жүр. Соңғы біржарым жылда команданы үш бапкер баптап көрген. Көп ретте мұндай жағдай клуб басшылығы мен бапкер арасындағы қаржылық келіспеушіліктерден туындайтыны жасырын емес. Қазақ футболын дамытуда қазақстандықтарды тарту, ала допты қазақ спортшыларына тептіру мәселесі ұдайы көтерілетіні де бар. Легионерлерден қағанағы қарқ бола қоймаған командалар жайлы да аз айтылмайды. Бұл мәселе енді бапкерлерге де қатысты болып отыр. "Командамен бірге өмір сүретін, бірге қартаятын бапкер іздестірлуде. Ә…

0
0
287

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

Ғабидулла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды Ғабидулла Әбдірахымов Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында 1975 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін бітірген, деп хабарлайды inform.kz 1996-1997 жылдары - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі…

0
0
274

Мемлекетті жаңғырту және жемқорлық өзара сыйыспайтын ұғымдар

Ағымдағы жылғы 18 тамызда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында, тұрғындар арасында жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыру бойынша «Мемлекетті жаңғырту және жемқорлық өзара сыйыспайтын ұғымдар. Алдын алу жұмыстарының тиімділігі» тақырыбында қоғамдық тыңдалым өтті.СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі үкіметтік емес сектор өкілдері, «Нұр Отан» партиясы мүшелері, қалалық мәслихат депутаттарын жемқорлықтың алдын алу аясында өткізілетін жұмыстар туралы ақпаратымен құлағдар етті. Департамент қызметкерлері «жұмыла көтерген, жүк жеңіл» демекші, қоғамда «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша жұмыстардың тиімді жүзеге асырылуы мақсатында, мемлекеттік органдар үкіметтік емес сектор, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерімен тығыз қарым-қатынас орнатуы қажеттігін ата…

0
0
632

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

Ағымдағы жылғы 15 тамызда Қазақстан халқы тілдері Күнінің тойлануына орай, Көкшетау қ. Ш. Құсайынов атындағы Қазақ драма театрында солтүстік аймақ бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары арасында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты аймақтық байқауы өтті.Байқаудың мақсаты – тілдерді қолдану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; қазақстандық патриотизмді ояту; мемлекеттік тілге, ұлттық мәдениетке және қазақ халқының салт-дәстүріне деген құрмет; мамандардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тексеру; мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қызметкерлердің шығармашылық қырларын ашу болды.Мемлекеттік тілді меңгерудегі шеберліктерін паш ету үшін, конкурсқа Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қаласының үмітін арқалаған…

0
0
510