Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі2-күн

Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі
2-күн
«Тарих  тармағымен – болашаққа қадам»  аймақтық  Жас Көшбасшылар мектебінің екінші күні қызыққа толы әрі достық көңіл-күйде өтті.
Күн белсенді таңғы жаттығудан басталды. Содан соң әр топ тренингтік алаңдарға өтті. №1 қағанатта «Отбасым», «Бесбармақ» рөлдік ойындар тақырыбындағы тренингпен халықаралық және ұлттық бағдарламалардың жетекші эксперті Асқарова Лязят Қажытайқызы, №2 қағанатта «Правильное принятие управленческих решений» тақырыбындағы тренингті бизнес-тренер Досмагулов Қуаныш, №3 қағанатта «Мечта. Цель- правильная мотивация для успешной самореализации» тақырыбындағы тренингті эксперт Күнтуған Еркебұлан өткізді.
Түстен кейін Мектеп қонақтарына Назарбаев Зияткерлік Мектебінің  өкілдерімен ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар бойынша мастер-класс өткізілді. Қатысушылар «Арқан тартыс», «Асық ату», «Жеті тас»  ойындары бойынша білімдерін арттырып жарысты. Кейін жүздерге «Құдаласу» театрландырылған қойылымға дайындалу үшін уақыт берілді. Өз қойылымдарында қатысушылар «Сырға салу», «Қыз ұзату» және т.б. сынды салт-дәстүрлер туралы өз білімдерін, шеберліктерін көрсете білді.
Содан соң мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің қызметкерлері «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында лекция өткізді.
Күннің қорытындысы ретінде топтар «Бастаңғы» жастар кешінде жиналып, кейін «Достық ордасында» жемісті өткен күннен алған өз ойлары мен әсерлерімен бөлісті.
https://vk.com/album247480352_219454336
   

0
0
257

Осы тақырып бойынша

Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі2-күн - Yvision.kz