ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған оқыту курсы өткізілді.
Ағымдағы жылғы 17 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мәжіліс залында Департамент басшысының орынбасары М.К.Избановтың төрағалығымен «Әртүрлі әлеуметтік топтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған оқыту курсы өткізілді.
Тікелей диалог нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа бірлесе күресудің қажеттіліне ден қойылып, қатысушылармен қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді. Белсенді диалог конструктивті түрде өткізіліп, барлық жолданымдар жауапсыз қалмады.
