Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмыспен қамту жәрмеңкесі

Баспасөз  хабаршысы

Іс – шараның атауы: Жұмыспен қамту жәрмеңкесі

Мерзімі: 21 тамыз 2015 жыл

Өтетін орны: Павлодар қаласы, Ломов көшесі №38, «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»

Өтетін уақыты: сағат  10: 00

Қысқаша сипаттамасы:

21 тамыз сағат 10:00 бастап «Жастар бастамаларын дамыту орталығында» жұмыссыз жүрген жастарға арнайы жәрмеңке өтеді.

Мақсаты: Жұмыссыз жастарға  көмектесу. 14 – 29 жастағы азаматтар мен азаматшалар қатыса алады. Қатысушыларға дайындалған бос орындардың тізімі беріледі. Арнайы шақырылған мамандар жастарға   жұмыстары жайлы кең ақпарат береді және жастар ұнаған жұмыстарына кіре алады.

Бос қызмет орындар жәрмеңкесіне келесі қызметтер ұсынылатын болады:

-         Бос қызмет орындарының базасы;

-         Әлеуметтік жұмыс орындары;

-         Жастар тәжірибесі;

-         Кәсіби білім және қысқа мерзімді курстарда қайта дайындау;

-         Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасына  қатысу мәселелері бойынша кеңес;

-         Жастар еңбек биржасы мамандарының кеңесі;

-         Жұмыс берушілермен тікелей байланыс.

   

0
0
402

Осы тақырып бойынша