Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақ қайың ауданы «Нұр Отан» партиясының филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы азаматтарды қабылдады

Ағымдағы жылғы 14 тамызда СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Қ.С. Бейсембаев, Ақ қайың ауданы "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдады.

Алғашқылардың бірі болып, аудандық ардагерлер кеңесінің көкейкесті мәселесімен, аудандық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі Т.П. Борисова көмекке жүгінді. Салдарынан, диспансерлік есепте тұрған аудан тұрғындары жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектерге зәру екендігі, дәрілік заттарды жеткізу үшін тендерлердің уақытылы өткізілмейтіндігі белгілі болды.
Ал аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы С.Л. Елисеев Қиялы май зауытына, өткізілген сүттері үшін табыстарын және еңбек ақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың атынан шағымын білдірді.
Аудандық білім бөлімінің заңгері А.А. Мелентьев «Бахыт Ойл» ЖШС білім мекемесіне сомасы 28 млн.теңгеден астам берешегі бар екендігін жеткізді. Дегенмен, өтеу туралы сот шешімі осы уақытқа дейін орындалмаған.
Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.Б. Баяшев болса, 2014 жылы жөндеуден өткен, Қиялы к. жолының сын көтермейтіндігі туралы сайлаушыларының сөзін сөйледі. Автомобиль жолдарының басқармасы 2015 жылы жолды қалпына келтіреміз деген уәдесін әлі орындамаған көрінеді.
Ардагерлер ұйымының сауалына жауап берген, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.С. Бейсембаев, қазіргі уақытта аталмыш мәселе бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен тиісті тексерістер жүргізіліп жатқандығын айтты. Тексеріс нәтижесі туралы ақпарат арызданушыға міндетті түрде берілетін болады делінді.
Қиялы май зауытының берешегі жөніндегі мәселемен құзыреті бойынша облыстық еңбек инспекциясына жүгіну ұсынылды.
Ал, «Бахыт Ойл» ЖШС қатысты СҚО Ішкі істер департаментінде қылмыстық іс қозғалғандығы белгілі болды.
Қиялы к. жолының сапасыз жөнделуі бойынша мәселе бақылауға алынды, нәтижесі қосымша хабарланатын болды.

0
0
580

Осы тақырып бойынша

Ақ қайың ауданы «Нұр Отан» партиясының филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы азаматтарды қабылдады - Yvision.kz