Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Арай сауда үйінде бомба қойылды деген жалған ақпарат берілді

Павлодар қаласындағы «Арай» сауда үйіне бомба қойылған деген жалған ақпарат таратқан ер азамат қолға түсті. Оқиға Тамыз айының 17 жұлдызында сағат 12.55-те орын алған.

***«102» операторының пультіне ер азаматтың ұялы телефонынан Исиналиев көшесі бойындағы  «Арай» сауда орталығына жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шұғыл түрде дүкенге арнайы бөлініс қызметкерлері жіберіліп, ғимараттағы адамдар сыртқа шығарылды. Абырой болғанда, бұл хабардың жалған екендігі мәлім болды. Тәртіп сақшыларына 38 жасар, бұрын сотталған ер адам қоңырау шалған екен. Жалған ақпарат тарату барысында азаматтың мас болғандығы анықталды. Қазір, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 
0
0
224

Осы тақырып бойынша

Арай сауда үйінде бомба қойылды деген жалған ақпарат берілді - Yvision.kz