Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Аллергияның асқынған маусымы

Аймағымызда аллергиямен ауыратын адамдар қатары жыл санап артуда. Сала мамандарының мәліметінше, олардың саны 20 мыңнан асып жығылады. Дәрігерге кеш қаралатындықтан, науқастардың көбі ауруын асқындырып алады. Сырқатқа тосқауыл болмаудың тағы бір себебі  өңірімізде аллерголог мамандар тапшы. Осы және өзге де мәселелер арнайы брифингте мәлім болды.

 

Аллергиямен ауыратын науқас окулист, отоларинголог, педиатр, терапевт пен дерматолог сияқты дәрігерлердің тексеруінен өтеді. Ал сырқаттың нақты диагнозын анықтайтын аллергологтардың саны аз. Өңірімізде бар жоғы 7 маман бар. Оның біреуі Ақсу қаласында жұмыс істесе, қалған алтауы Павлодарда қызмет көрсетеді.

 

СТАНИСЛАВ КИМ, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас аллергологы

Өкінішке орай, өңірімізде аллерголог мамандардың тапшылығы байқалады. Ал медициналық тұрғыда, адамдар аллергияны «ауру» ретінде қарастырмайтындықтан, көп жағдайда дерт асқынып кеткенде ғана дәрігерге қаралады. Қазір ағзаның қабынуына себеп болуы мүмкін 22 аллергенге арналған анализдер бар. Алайда, бұл өте қымбат. Бір-екі жыл бұрын оның құны 60 мың теңгедей болған.

 

2011 жылы 19 192 адам өңірімізде аллергиядан зардап шексе, 2014 жылы олардың саны 20 562-ге жеткен. Мамандардың айтуы бойынша, адамдар көбіне бронхалық астма мен гүл тозаңдарынан зардап шегеді. Павлодар облысы елімізде тіркелген аллергиктер саны бойынша жетінші орында тұр.

 

СТАНИСЛАВ КИМ, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас аллергологы

Аллергияны уақытында емдемесе, ол асқынып, кейін демікпе пайда болуы ықтимал. Ем қабылдамай жүре берген адам 10-15 жылда  мүгедек атанып, кей жағдайларда өліп кетуі де әбден мүмкін. Қазақстанда тіркелген науқас саны бойынша Павлодар облысы жетінші орында тұр. Атап өтері, жыл сайын ауру көрсеткіші азаюда.

 

Аллергиялық аурулардың тұқым қуалайтындығы ғылыми тұрғыда дәлелденген. Мәселен, ата-анасының бірі аталмыш дертке шалдыққан баланың «аллергик» аталуы 40-70 процентті құрайды. Сондықтан, әсіресе жазғы маусымда сәбиінің жөтеліп-түшкіргенін тікелей суық тиюмен байланыстырмаған абзал. Себебі, уақытында емделмеген полиноз, тіпті қарапайым диатездің өзі бронхалық астмаға айналып кетуі мүмкін.

0
0
323

Осы тақырып бойынша

Аллергияның асқынған маусымы - Yvision.kz