«Ордабасы» командасы бапкерсіз қалды
Шымкенттің "Ордабасы" командасы бапкерсіз қалды.

Команданы бұған дейін баптаған бас бапкер Виктор Кумыков клуб басшылыгғымен келісе алмай, алғашқы үшттікке кіруден үмітті боп тұрған шақта команданы орта жолдан тастап кетті.
Айтып өту керек, соңғы кездері "Ордабасы" командасына бас бапкер тұрақтамай жүр. Соңғы біржарым жылда команданы үш бапкер баптап көрген. Көп ретте мұндай жағдай клуб басшылығы мен бапкер арасындағы қаржылық келіспеушіліктерден туындайтыны жасырын емес.
Қазақ футболын дамытуда қазақстандықтарды тарту, ала допты қазақ спортшыларына тептіру мәселесі ұдайы көтерілетіні де бар. Легионерлерден қағанағы қарқ бола қоймаған командалар жайлы да аз айтылмайды. Бұл мәселе енді бапкерлерге де қатысты болып отыр.
"Командамен бірге өмір сүретін, бірге қартаятын бапкер іздестірлуде. Әзірге «Ордабасыны» өрге сүйрейтін "Мақтарал" командасын баптап жүрген Шайзидин Кенжебаев пен бапкер ретінде танымал «Ордабасыны 2004 жылы баптаған Бақтияр Байсейітовтердің есмдері аталуда.
