Мазмұнға өту

Жаңа

«Туған елге тағзым»Көкшетау(6күн)

Алтыншы күнгі экспедициямыз әсем табиғатымен ерекшеленетін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне арналды.Экспедициямызды табиғат мұражайынан бастаған болатынбыз. Мұражайға кірместен бұрын оның сыртқы бейнесі қатты таңдандырды. Бірінші қабатта «Бурабай» ұлттық паркінің карта-схемасы орнатылған,ал екінші қабатта осы жерде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер, құстар бейнеленген.

Кейін Бурабайдың әсем ландшафымен танысу мақстанда жаяу жүріп, табиғаттың сұлу әрі ерекше екеніне көз жеткіздік. Жол жөнекей жергілікті жердің аңыз-әңгімелерімен де таныстық. Мысалы Көкшетау қыратының «Бурабай» деп аталуы, Оқжетпес пен Жұмбақтастың жасырған жұмбақтары, хан Абылайдың билік еткен кездегі халық арасында тараған аңыз-әңгімелер.


Осы экскурсиядан алған әсеріміз естен кетпестей болары сөзсіз.

0
0
1957

«Туған елге тағзым» Көкшетау(5 күн)

Бесінші күніміз тарихи ұлы тұлғаларға арналған болатын. Құлшынбай төбесінде жерленген Қарасай-Ағынтай батырлардың мемориялдық кешеніне барып, ұлы батырларымыз туралы көп ақпарат алдық. Қос батырдың шыққан рулары өзге болсада, екеунің 50 жылдық достықтары мен бір-біріне деген құрметтері қазіргі таңда біздің жеріміздегі барша халықтың бірлігі мен ынтымағының белгісі болып табылады. Конус тәрізді 16 метрлік мұнара бізді қатты таңдандырды. Өйткені оның құрылысы үш хандықтың бірлігін нышандап тұрғандай әсер қалдырды. ХIХ ғасырдың екінші жартысында Г. Н. Потанин жазып алған Уәлихановтардың отбасына қатысты әңгімеде былай делінеді: «Уәли ханның екі қыстауы болған, бірі - Көкшетаудың шығыс жағындағы хан көлінде, екіншісі - Сырымбетте. Абылайдың бәйбішесі Сайманнан өрген ұрпақтар қазір де сонда (я…

0
0
2122

«Туған елге тағзым» Көкшетау(4 күн)

Астананы көргенде арманда, көрмегенде арманда демекші төртінші күнгі экспедициямыз Елордамызға арналды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұражайы экспедициямыздың бастауы болды. Оның балалық шағын, өмірбаянын, елімізге сіңірген еңбегін,басқа елдермен қарым-қатынасын ,осының барлығын мұражайдағы экспонаттар арқылы айқын көруге болады. Кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына аттандық. Осы мұражайдан көптеген әсер алған болатынбыз. Өйткені заманауи құрылғылардың арқасында тарихи оқиғалардың ішінде жүргендей сезінесің. Ал аспанда қалықтаған қыран құс бәріміздің таңдайымызды қақтырды. Астанамыздың мақтанышы аталған Бәйтерек алаңына барғанымыз көңілімізден шыққан болатын. Бәрінен де Бәйтеректің құрылымы бізді таңғалдырды. Себебі ғимараттың биіктігі 97 метр, ал шар тәрізді тәжі…

0
0
996

«Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)

Үшінші күніміз Көкшетаудың индустриялдық нысандарына арналды. «Тыныс» АҚ деп аталатын зауыт ірі машина жасау кәсіпорны болып табылады. Көптеген ұшақ пен тікұшақтардың бөлшектері осы зауытта жасалады. Келесі экскурсия «КАМАЗ-Инжиниринг» Акционерлік Қоғамында болды. Осы зауыт арқылы біздер камаздардың,автобустардың жасалу жолдарын біле алдық. Кейінгі экскурсиямыз «Көкшетауминводы» деп аталатын зауытта өткен болатын.Бұл Қазақстан Республикасының азық-түлік өнеркәсібіндегі жетекшілердің бірі болып табылады. Оның «Тұран», «Құлагер-Арасан», «Хаома» деп аталатын сауда маркалары бар. Біздер осы зауыттың ішінде сусындарды сақтайтын бөтелкелердің жасалу жолдарын көрген болатынбыз. Ал құрылғылар заманауи құралдармен қамтылған. Соңғы экскурсиямыз «ENKI» кірпіш өндіретін зауытында өтті. Осы зауыттың і…

0
0
1514

«Туған елге тағзым» Көкшетау(2күн)

Екінші күніміз Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында орналасқан «Ботай» атты археологиялық  қазба орнында өтті.




Осы күннен алған әсеріміз естен кетпестей болды. Өйткені  бізге осы жердің тарихы туралы айтып қоймай, осы жердің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді. Ал қазба орнынан табылған жылқы сүйектері қоныстың тақырыбы өткір әрі өзекті екеніне көз жеткіздірді.


Бұл тарихи орынның зерттелу барысында өзінің үлкен үлесін қосқан Виктор Зайбертпен кездесіп, тарихты оның аузынан есту біз үшін мақтанарлық  жағдай болды. Оның пайымдауы бойынша Ботай қонысы жылқыны қолға үйретуді жүргізген орын. Сол себепті қонысты халыққа танымал ету мақсатында мемлекеттің жоғары басқарма органдары мұражай ашуды көздеп отыр .


0
0
1202

«Туған елге тағзым» Көкшетау(1күн)

Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларынан құралған топ болып, "Туған елге тағзым" атты зерттеу экспедициясы бойынша Көкшетау қаласына барған болатынбыз. Көкшетау қаласының қонақжайлылығы бізге қатты ұнады, өйткені олар бізге флэшмоб дайындап, жылы жүздерімен құшақ жая қарсы алған болатын. Алдымен Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде экспедицияның салтанатты ашылуы өтті. Кейін Жер шоқтығы Көкшетау атты экспедия бастауын алды. Өйткені біздер алғашқы күні қаланың ескерткіштері мен тарихи орындарында болу арқылы қала туралы көптеген мағлұматтар алдық. Бізді көбіне таңғалдырғаны қаланың ішінде көптеген ескерткіштердің болуы. Мысалы: Абылай хан ескерткіші, Біржан сал мен Ақан сері ескерткіштері, Шоқан У…

0
0
1539

Ақтөбе қаласының сотында пара алу фактісі бойынша үкім жарияланды

Бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотының ашық сот мәжілісінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлімі бойынша айыпталған С.Исаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/aktobe-kalasynyn-sotynda-para-alu-faktisi-boyynsha-ukim-zhariyalandy


0
0
470

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған шағын футбол турнирі

2015 жылдың 19 тамызында Қазақстан Респубикасының Конституциясының 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, жастар ұйымдары және Ақжайық ауданынан келген командалар арасында шағын футболдан турнир өтті. Турнирдің басында жастар ұйымдары флешмоб ұйымдастырып, олар 1494 санын футбол алаңына жазып, бір мезетте барлығы бірдей БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ, ҚОҒАМДЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ҚОРҒАЙМЫЗ деп дауыстады. Сонымен қатар, «Жасыл Ел» еңбек жасақтары сарбаздары арасында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Командалар А және Б тобына бөлініп, өзара сынға түсті. А тобынан жеңіп шыққан – «Ақжайық өрендері» командасы Б тобының жеңімпазы – «Еркін құра…

0
0
1046

Астанада өтіп жатқан велотректен Әлем чемпионатында төрт Әлем рекорды орнатылды

Әлем біріншілігін «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Велотректен жастар арасындағы Әлем чемпионатында спринттік жарыста германиялық қыздар 33.962 нәтиже көрсетіп, 2012 жылы Ресей құрамасы орнатқан Әлем рекордын жаңартты. Ал, финалдық жарыста германиялық қыздар өздері орнатқан рекордтық көрсеткішті 33.899 нәтижемен тағы жаңартты.

Командалық жарыста британиялықтар 2013 жылы 4.36 нәтижемен рекорд орнатқан болса, Жаңа Зеландиялық спортшылар Астанада 4.35 көрсеткішпен жаңа рекордты тіркеді.

Ерлер арасындағы командалық спринтте Ресей құрамасы 44.825 нәтиже көрсетіп, Әлем рекордың жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекорды Жаңа Зеландияға тиесілі болатын. Олардың нәтижесі – 60.312.

Айта кетейік, Әлем біріншілігін «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

0
0
209

«Бордо» — «Қайрат» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы алматылық «Қайрат» командасымен кездеседі.

Алғашқы ойын бүгін (жұма күнге қараған түн) Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында Астана уақытымен сағат түнгі 00:30-да өтеді.

Ал, «Қайрат» - «Бордо» қарымта матчы Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні 20:45-те ойналады.

Аталған екі кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының алғашқы кезеңдерінде сербиялық «Црвена Звезда», армениялық «Алашкерт» пен шотландиялық «Абердин» клубтарын ұтқан.

0
0
251