Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Бордо» — «Қайрат» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы алматылық «Қайрат» командасымен кездеседі.

Алғашқы ойын бүгін (жұма күнге қараған түн) Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында Астана уақытымен сағат түнгі 00:30-да өтеді.

Ал, «Қайрат» - «Бордо» қарымта матчы Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні 20:45-те ойналады.

Аталған екі кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының алғашқы кезеңдерінде сербиялық «Црвена Звезда», армениялық «Алашкерт» пен шотландиялық «Абердин» клубтарын ұтқан.

 
0
0
243

Осы тақырып бойынша

«Бордо» — «Қайрат» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - Yvision.kz