«Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)
Үшінші күніміз Көкшетаудың индустриялдық нысандарына арналды.
«Тыныс» АҚ деп аталатын зауыт ірі машина жасау кәсіпорны болып табылады. Көптеген ұшақ пен тікұшақтардың бөлшектері осы зауытта жасалады.

Келесі экскурсия «КАМАЗ-Инжиниринг» Акционерлік Қоғамында болды. Осы зауыт арқылы біздер камаздардың,автобустардың жасалу жолдарын біле алдық.

Кейінгі экскурсиямыз «Көкшетауминводы» деп аталатын зауытта өткен болатын.Бұл Қазақстан Республикасының азық-түлік өнеркәсібіндегі жетекшілердің бірі болып табылады. Оның «Тұран», «Құлагер-Арасан», «Хаома» деп аталатын сауда маркалары бар. Біздер осы зауыттың ішінде сусындарды сақтайтын бөтелкелердің жасалу жолдарын көрген болатынбыз. Ал құрылғылар заманауи құралдармен қамтылған.



Соңғы экскурсиямыз «ENKI» кірпіш өндіретін зауытында өтті. Осы зауыттың іші өте ыстық болып келетінін байқап, жұмыстарды роботтар мен арнайы құрылғылар атқаратынын білдік. Кірпіштердің жасалу жолдары өте қызықты болды.



