Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым» Көкшетау(2күн)

Екінші күніміз Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында орналасқан «Ботай» атты археологиялық  қазба орнында өтті.




Осы күннен алған әсеріміз естен кетпестей болды. Өйткені  бізге осы жердің тарихы туралы айтып қоймай, осы жердің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді. Ал қазба орнынан табылған жылқы сүйектері қоныстың тақырыбы өткір әрі өзекті екеніне көз жеткіздірді.


Бұл тарихи орынның зерттелу барысында өзінің үлкен үлесін қосқан Виктор Зайбертпен кездесіп, тарихты оның аузынан есту біз үшін мақтанарлық  жағдай болды. Оның пайымдауы бойынша Ботай қонысы жылқыны қолға үйретуді жүргізген орын. Сол себепті қонысты халыққа танымал ету мақсатында мемлекеттің жоғары басқарма органдары мұражай ашуды көздеп отыр .


 
0
0
1197

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағзым» Көкшетау(2күн) - Yvision.kz