Г. Әбдіқалықова ҚР мен ЕО арасындағы екіжақты жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты атап өтті
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы миссиясын аяқтаған Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы, елші Аурелия Бушезбен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Г.Әбдіқалықова А.Бушездің екіжақты қарым-қатынасты кеңейту жөніндегі ауқымды жұмысына және Қазақстан мен ЕО арасындағы келіссөздер үдерісін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс білдірді. Бейбітшілікті, достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан еңбегі үшін Еуропалық Одақтың елшісі Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, сондай-ақ «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2015 жылғы 20 қаңтарда Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімді алдын ала дәйектеу сындарлы өзара іс-қимылдың м…
