«Туған елге тағзым»Көкшетау(6күн)
Алтыншы күнгі экспедициямыз әсем табиғатымен ерекшеленетін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне арналды.Экспедициямызды табиғат мұражайынан бастаған болатынбыз. Мұражайға кірместен бұрын оның сыртқы бейнесі қатты таңдандырды. Бірінші қабатта «Бурабай» ұлттық паркінің карта-схемасы орнатылған,ал екінші қабатта осы жерде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер, құстар бейнеленген.
Кейін Бурабайдың әсем ландшафымен танысу мақстанда жаяу жүріп, табиғаттың сұлу әрі ерекше екеніне көз жеткіздік. Жол жөнекей жергілікті жердің аңыз-әңгімелерімен де таныстық. Мысалы Көкшетау қыратының «Бурабай» деп аталуы, Оқжетпес пен Жұмбақтастың жасырған жұмбақтары, хан Абылайдың билік еткен кездегі халық арасында тараған аңыз-әңгімелер.



Осы экскурсиядан алған әсеріміз естен кетпестей болары сөзсіз.
