Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған шағын футбол турнирі

 

2015 жылдың 19 тамызында Қазақстан Респубикасының Конституциясының 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, жастар ұйымдары және Ақжайық ауданынан келген командалар арасында шағын футболдан турнир өтті.

Турнирдің басында жастар ұйымдары флешмоб ұйымдастырып, олар 1494 санын футбол алаңына жазып, бір мезетте барлығы бірдей БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ, ҚОҒАМДЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ҚОРҒАЙМЫЗ деп дауыстады.

Сонымен қатар, «Жасыл Ел» еңбек жасақтары сарбаздары арасында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Командалар А және Б тобына бөлініп, өзара сынға түсті. А тобынан жеңіп шыққан – «Ақжайық өрендері» командасы Б тобының жеңімпазы – «Еркін құрама» командасымен жүлделі орындар үшін таласты.

Турнир қорытындысы бойынша командалар дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Шараны ТДК-42 телеарнасы түсірді.

 

0
0
1034

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған шағын футбол турнирі - Yvision.kz