Петропавлда жүргізушілерді көшелерде қозғалыстың шектелуі жайында радио арқылы ақпараттандыруда
Петропавл қаласындағы жолдарға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты, бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектелген. Көшелердегі көлік кептелісін азайту үшін Әкімшілік полиция басқармасы шаралар қабылдауда. Солардың бірі – радио арқылы жол қозғалысына қатысушыларды қай көшелердің жабылғаны жайында құлақтандыру. Мұндай ақпаратты енді күн сайын әрбір петропавлдық өз көлігінің ішінде орналасқан радиоқабылдағыш арқылы ести алады. Мұндай шара Петропавлда алғаш рет қолға алынып отыр. «Көшелердегі көлік кептелісін азайту және жүргізушілерді қай көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жайында хабардар ету үшін шаралар қабылдаудамыз. Бұл жол қозғалысына қатысушыларға өздерінің жүру бағытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Қабылданып жатқан шаралардың басты мақсаты – жол қозға…
