Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі2-күн
Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі
3-күн
«Тарих тармағымен – болашаққа қадам» аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің үшінші күні қатысушыларға жаңа әсерлер сыйлады.
Қатысушыларды жаңа тернингтер күтіп тұрды: «Национальная карта мира, как способ самопознания человека», «Все что тебя касается» «Манипуляция – для выхода из ситуации, как читать мысли»
Содан соң үш Жүздің командалары «Дислокация» ойынына қатысты. Ойын нәтижесі бойынша Орта Жүз командасы жеңіске жетті. ЖКМ-нің негізгі оқиғасының бірі - Қазақ Хандығының ханың сайлау үшін өткізілген Құрылтай. Жас көшбасшылар мектебі бойында әр команда өз Ханын үгіттеп-насихаттады. Үш Жүздің ханы командалардың дауыс беруі арқылы анықталды. Дауыс берудің негізгі ерекшелігі болып өз командасына дауыс беруге рұқсат берілмегендігі болып табылды. Сайлау нәтижесінде үш жүздің ханы болып Орта Жүздің ханы Аян Нұрболат болды.
Күннің қорытындысында қалыптасқан дәстүр бойынша командалар «Бастаңғы» жастар кешінде, кейін «Достық ордасында» жиналды. Отырыс кезінде жастар жемісті өткен күн жайлы өз ойлары мен әсерлерімен бөлісіп, қатысқандығы үшін сертификатпен марапатталды.
