Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО-да полиция басшылығы халықтың ішкі істер органдарына деген сенімінің деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде

Ішкі істер департаментінің басшылығы қызметкерлері халыққа қызмет көрсету саласында күн сайын қызмет атқарып жүрген полиция бөліністеріне тексеру жүргізуде. ІІД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов Петропавл қаласы ІІБ-ның екінші полиция бөлімін, Көші-қон және Әкімшілік полиция басқармаларын, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын жеке өзі барып тексерген болатын.

ІІД бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру әрдайым облыстық полиция басшылығының жеке бақылауында. Полиция қызметкерлерінің басты мақсаты: құқық қорғау органдарына халық сенімінің деңгейін арттыру. ІІД Көші-қон полиция басқармасы Жұмабаев көшесі, 118 үй мекенжайы бойынша Петропавл қаласы ІІБ әкімшілік ғимаратында орналасқан.  Мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы көрсетуді қамтамасыз ету үшін бөліністің үй-жайларына косметикалық жөндеу жүргізілді. Тиісті өткізу режимін жүзеге асыру мақсатында электронды құлпы бар пластикалық есік орнатылып, төменгі басқарушы құрамның қызметкерімен бақылау-өткізу пункті ұйымдастырылды. Инспекторлар үшін ғимараттан қосымша бөлмелер берілді.

Петропавл қ. ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің бастығы Гүлнәр Қуандықова нақтылағандай, көші-қон полициясы шетел азаматтарын уақытша тіркеу, ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұру орнына шығу, визаларды ресімдеу, ҚР тұрақты тұру орнына қалдыру, ҚР азаматтығын алу мәселелері бойынша күн сайын 120-ға жуық азаматты қабылдайды. Осылайша, көші-қон полициясы тұрғындарға үздіксіз және сапалы қызмет көрсету бойынша барлық жағдайларды жасайды. Қызметтік үй-жайларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұйымдастыру техникасы жаңартылды.

Келесі тексеру пункті: Әкімшілік полиция басқармасы. Жұмысты тиісті ұйымдастыру мақсатында Басқарманың барлық жеке құрамы Володарский көшесі, 18 үй мекенжайы бойынша орналасқан ІІД-нің әкімшілік ғимаратына көшірілді. ІІД бастығымен үй-жайларға жөндеу жұмыстарын және ғимарат маңына аббаттандыру жүргізу тапсырылды.

Сонымен қатар, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Бензострой ықшам ауданы, Нефтепроводная көшесі, 1 «в» мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында да болды. ІІД бастығын халыққа қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру мен ІІД-нің тіркеу және емтихан жұмыстары бөлімінің қызметі қызықтырды.

Нұрбек Баекин,

СҚО ІІД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
387

Осы тақырып бойынша

СҚО-да полиция басшылығы халықтың ішкі істер органдарына деген сенімінің деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде - Yvision.kz