Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавл полицейлері балалар сауықтыру лагерінде есірткіге қарсы мазмұнда акция өткізді

Петропавл қаласы ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілдері облыс орталығындағы орта мектептердің оқушылары үшін ұмытылмас іс-шара ұйымдастырды. Полицейлер «Достық» балалар сауықтыру лагерінде балаларға бейнероликтер көрсетіп, оларды қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында  сыйлықтар үлестірілді.

Оқушылар арасында ұйымдастырылған кездесудің бастамашылары полицейлер. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Есірткі  бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлерінің басты мақсаты - өскелең ұрпақтың санасында есірткіге төтеп беру қабілетін қалыптастыру. «Достық» лагеріндегі кездесуге облыс орталығындағы орта мектептердің 5 жасаққа бөлінген 129 оқушысы қатысты. Әрбір жасақпен «спайс» шылым қоспасы және оның салдары жайында баяндалатын бейнероликтер көрсетілді. Ұстаздардың жәрдемдесуімен ату, «велосипед спорты» кіретін спорттық іс-шаралар өткізілді. Кездесу соңында «Біз саламатты өмір салты үшін» тақырыбында «флэш-моб» ұйымдастырылды.

«Бізге бейнероликтер көрсетті. Шынымды айтсам, спайсты қолданған соң оның салдары қандай болатынын көріп қорқып кеттім. Лагерде демалушылардың барлығы бұл затты қолданудан аулақ болатынына сенімдімін. Себебі, бізге оның қандай зат екені және одан келетін зиян жайлы толық түсіндірілді», - деп лагердегі жасақтың командирі Анастасия Черепанова жалпы балалардың кездесуден алған әсерін айтып өтті.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлерінің кездесу соңында спорттық ойындарға арналған құралдар, кеңсе тауарларын үлестіруі балаларға есте қаларлықтай қуаныш сыйлады.

Петропавл қ. ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция капитаны Данияр Найкиннің айтуынша, алдын алу шараларын жүргізу мақсатында қалалық ІІБ қызметкерлері үстіміздегі жылдың жеті айы ішінде қала мектептерінде осындай мазмұндағы 84 іс-шара, оның ішінде 24 дәріс, 5 дөңгелек үстел және 37 кездесу өткізді. Полицейлер нақтылағандай, ресми мәлімет бойынша облыстық наркологиялық диспансерде Петропавл қаласында тұратын 658 нашақор есепте тұр. Оның 12-сі кәмелетке толмағандар.

 

Нұрбек Баекин,

СҚО ІІД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
508

Осы тақырып бойынша

Петропавл полицейлері балалар сауықтыру лагерінде есірткіге қарсы мазмұнда акция өткізді - Yvision.kz