Мазмұнға өту

Жаңа

Қозғалыстың жас инспекторлары рейдке шықты

Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы аясында қозғалыстың жас инспекторларымен біріге отырып жол қозғалыс ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көрнекі үгіт-насихат құралдарын таратты.

Облыс орталығындағы №101 мектептің алдында орналасқан реттелетін жол қиылысынан Қозғалыстың жас инспекторлары балалардың қолдарынан ұстап қалай дұрыс өту қажеттігін көрсетіп өткізді.

Жол-көлік жарақатының профилактикасына бағытталған көрнекі үгіт-насихат құралдарын облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің салондарына жабыстырып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыратын үнпарақшалар таратты.

Аталған шара қыркүйек айының 10-на дейін жалғасатын болады.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
568

Қызылордада «Құқық тәртібі» шарасының 2 күнінде 1400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың тамыз айының 24-28 күндері аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшкені белгілі. Аталған іс-шараға ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның 2 күнінде барлығы 1355 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 22 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 310 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 210 жүргізушіге, жылдамдықты шамадан тыс…

0
0
357

Конституция – мемлекеттік құқықтық жүйенің негізі

Қазақстандық құқықтық жүйенің шыңында елімізде ең жоғары заңдық күші бар, нормалары республикамыздың барлық аумағында тікелей қолданылатын Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы екендігі баршаға аян. Конституциядан ұлттық құқықтық жүйенің барша құрамдас бөліктері бастау алады: онда құқық субъектілері анықталып, сан алуан құқық салалары арасындағы қатынастарды заңдық тұрғыдан реттеудің негіздері бекітілген, құқық шығармашылығы мен құқық қолданудың жалпы қағидаттары белгіленіп, адам және азаматтардың заңды дұрыс ұғынуы мен құқықтық сана-сезімін, құқықтық мәдениетін тиісті қалыптастырудың іргетасын қалайтын қоғам және мемлекеттің құндылықтары, еліміздің келешекте қандай жолмен дамуының жалпы принциптері конституциялық деңгейде орнықтырылды. http://prokuror.gov.kz/kaz/prokuratu…

0
0
465

Қытайда сотталған Қазақстан азаматтарын одан әрі жазасын өтеу үшін беру туралы баспасөз ақпараты

Шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен есірткі және сирек кездесетін жануарлар контрабандасы үшін әртүрлі жаза мерзімдеріне Қытайда сотталған еліміздің бес азаматы Қытайдан Қазақстанға жеткізілді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kytayda-sottalgan-kazakstan-azamattaryn-odan-ri-zhazasyn-oteu-ushin-beru-turaly

0
0
276

Батыс Қазақстан облысы қаржылық бақылау инспекциясына семинар-кеңес өткізілді

2015 жылдың 27 тамыз күні Орал қаласында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілімен ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы қаржылық бақылау инспекциясына семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында Департаменттің басқарма басшысы А.Жұбаныш және консультанты Е.Төлепқалиевпен қатысушыларға «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл саясатының негізгі бағыттары түсіндірілді. Сонымен қатар, қойылған сұрақтарға жауап беріліп, сауалнамала жүргізілді.

0
0
383

Астанада Қазақстан үшін бірегей жаңа медициналық ұйымның жобасы ұсынылды

Бүгін Астанада «Қазақстанның денсаулық сақтау саласына мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті енгізу» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және МЖС жобаларын үйлестіру орталығымен бірлесе ұйымдастырған, Қызылорда облысы әкімдігінің, «Бәйтерек» АҚ және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Қазақстанның МЖС орталығының қолдауымен денсаулық сақтау саласындағы Алматы қаласы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы 300 орынға арналған көп салалы және Қызылорда қаласындағы аурухананың құрылысы мен эксплуатациясы бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің пилоттық жобалары алғаш рет ұсынылды. Шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Александр Цой, K…

0
0
398

Зауыт жұмысшылары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны талқылады

Ағымдағы жылғы 25 тамызда СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділігі зор, «С.М. Киров атындағы зауыты» АҚ әкімшілігі мен инженерлік-техникалық жұмыскерлеріне дәріс оқыды.Қазақстанның мемлекеттік сыңайлы секторындағы ірі кәсіпорнының инженерлік-техникалық жұмысшылары 10 жыл мерзімге жоспарланған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысымен таныстырылды.Департамент қызметкерлері өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мақсаты мен міндеті, мемлекеттік басқару, сот және құқық қорғау жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа төтеп беруге бағытталған іс-шаралар, халықта жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары туралы мағлұмат берді.Ал кәсіпкерлік қызметте жемқорлық тәуекелдерін төмендету және әкі…

0
0
332

«Тәрбиеші күні»

«Тәрбиеші күні» Педагогика саласы қызметкерлерінің тамыздық конференциясы аясында 2015 жылғы 27 тамызда Жастарға қызмет көрсету орталығында Павлодар қаласының тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасарлары үшін «Тәрбиеші күні» өткізілді. Диалогтық алаң форматында жас ұрпақ тәрбиелеудің өзекті мәселелері, жұмыстың жаңа формаларын іздеу, ынтымақтастық саласын кеңейту мәселелері талқыланды. «Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Н.В. Нефедова өз баяндамасында облыстар мемлекеттік жастар саясатын іске асыру қызметі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндірген болатын. Секция қатысушылары мектептік өзін-өзі басқару, қылмыстерлікті төмендету, СӨС дағдыларын қалыптастыру, ата-аналармен жұмыс және т.б. ұйымдастыру бойынша жұмысты жетілдіру мәселелері белсенді талқыл…

0
0
1081

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің 25-ші отырысы болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/tmd-ga-katysushy-memleketter-bas-prokurorlarynyn-uylestiru-kenesinin-otyrysy

0
0
276

ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер бас прокурорларының отырысы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттердің бас прокурорларының 13-ші отырысы өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/shyu-ga-mushe-memleketter-bas-prokurorlarynyn-otyrysy-turaly-baspasoz-akparaty-0

0
0
311