Батыс Қазақстан облысы қаржылық бақылау инспекциясына семинар-кеңес өткізілді
2015 жылдың 27 тамыз күні Орал қаласында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілімен ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы қаржылық бақылау инспекциясына семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында Департаменттің басқарма басшысы А.Жұбаныш және консультанты Е.Төлепқалиевпен қатысушыларға «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл саясатының негізгі бағыттары түсіндірілді. Сонымен қатар, қойылған сұрақтарға жауап беріліп, сауалнамала жүргізілді.

