Зауыт жұмысшылары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны талқылады

Ағымдағы жылғы 25 тамызда СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділігі зор, «С.М. Киров атындағы зауыты» АҚ әкімшілігі мен инженерлік-техникалық жұмыскерлеріне дәріс оқыды.
Қазақстанның мемлекеттік сыңайлы секторындағы ірі кәсіпорнының инженерлік-техникалық жұмысшылары 10 жыл мерзімге жоспарланған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысымен таныстырылды.
Департамент қызметкерлері өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мақсаты мен міндеті, мемлекеттік басқару, сот және құқық қорғау жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа төтеп беруге бағытталған іс-шаралар, халықта жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары туралы мағлұмат берді.
Ал кәсіпкерлік қызметте жемқорлық тәуекелдерін төмендету және әкімшілік тосқауылдарды жою үшін электронды үкіметтің, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын енгізу шарасы орынды деп танылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы талқылау барысында зауыт қызметкерлері жемқорлыққа қарсы күресті түбегейлі өзгерту қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында жемқорлыққа қарсы бағытта түсірілген бейне роликтер көрсетіліп, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылған Департаменттің интернет-ресурстары: «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» веб-сайты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы таныстырылды.

