Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Конституция – мемлекеттік құқықтық жүйенің негізі

Қазақстандық құқықтық жүйенің шыңында елімізде ең жоғары заңдық күші бар, нормалары республикамыздың барлық аумағында тікелей қолданылатын Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы екендігі баршаға аян.

Конституциядан ұлттық құқықтық жүйенің барша құрамдас бөліктері бастау алады: онда құқық субъектілері анықталып, сан алуан құқық салалары арасындағы қатынастарды заңдық тұрғыдан реттеудің негіздері бекітілген, құқық шығармашылығы мен құқық қолданудың жалпы қағидаттары белгіленіп, адам және азаматтардың заңды дұрыс ұғынуы мен құқықтық сана-сезімін, құқықтық мәдениетін тиісті қалыптастырудың іргетасын қалайтын қоғам және мемлекеттің құндылықтары, еліміздің келешекте қандай жолмен дамуының жалпы принциптері конституциялық деңгейде орнықтырылды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/prokuratura/kazakstan-respublikasynyn-konstituciyasyna-20-zhyl/konstituciya-memlekettik-kukyktyk

 
0
0
458

Осы тақырып бойынша