Қытайда сотталған Қазақстан азаматтарын одан әрі жазасын өтеу үшін беру туралы баспасөз ақпараты
Шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен есірткі және сирек кездесетін жануарлар контрабандасы үшін әртүрлі жаза мерзімдеріне Қытайда сотталған еліміздің бес азаматы Қытайдан Қазақстанға жеткізілді.
