Мазмұнға өту

Жаңа

Ғашығыма хат

ХХІ ғасырда көп дүниені бір ғана ұялы телефон алмастырды. Бүгінгі тақырыпта хат жазу, оны осы ғасырда смс немесе ұялы телефондағы whatsapp, viber, Vk деген сияқты неше түрлі социалды желілер орын басты. Оп-оңай тіл қатысасың, жазған хатың бірден барады және бірден жауап келеді бәрі көз алдыңда. Қазіргі заманда кәдімгі ақ қағазға хат жазатын адамдар жоқтың қасы. Ақ қағазға хат жазудың өзі қиямет қой. Оны мың толғанып, ойыңды жеткізу үшін қаншама сөз таңдап, жүз рет жыртып, жүз рет қайта бастап жазасың. Ғашықтық хаты болса жазуын жазып алып, беруге жүрексінесің)), егер ол адам алыста болса одан келетін жауапты айлап, апталап күтесің олда бір ғажап сезімнің бірі ғой. Дәл осындай жүректі дірілдетіп, дүрсілдетіп бір хат жазып едім. Назар аударыңыздар! Студенттік өмірден бір үзінді... Ғашығыма…

0
0
29176

«Шыңдалған намыс» — Ұлттық арнада

Бүгін 14:15-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Оқиға желісі алыпсатарлардың бір отбасының пілдерін ұрлап, заңсыз түрде  Сиднейге жіберуден басталады. Пілдің иесі Кхам қылмыскерлерді тауып, жазасын беру үшін Австралияға аттанады.

Ал, Австралияда Кхамды  ірі қылмыстық топ күтіп тұрған еді. Олар жігітті лайықты қарсылас санамайды. Алайда, жауынгерлік өнерді жетік меңгерген Кхам өзіне сенімді еді. Әрі ол пілсіз ауылға қайтпауға бекінген.

Режиссер Прачья Пинкаюдың  «Шыңдалған намыс» шытырман оқиғалы фильмінде Тони Джа, Петчтай Вонгкамлао, Бонгкодж Кхонгмалай басты кейіпкерлерді сомдайды.

0
0
519

«Поэзия әлемінде» — Жанар Айлашова

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:45-те біле аласыздар. Жанар Асанқызының поэзиясы лирикаға жақын. Ол өлеңдерінде жүрегіндегі тылсым кейіпкеріне еркелей отырып, мұң-шерін айтады. «Әдемі сөзді теріп, бір-біріне қосарлап, тіркес жасап, мың құбылтып оқырманға ұсынғанмен, ондай дүниелер жүрекке жетпейді. Күштеп құрастырған ой мен ұйқастың астарына қарасаңыз, тігісі сөгіліп, ойы жыртылып жатады. Жанар не ойлайды, нені жазғысы келеді соны жазатын шынайы талант. Жасандылықтан ада». Бұл ақын Ербол Бейілханның ақынға берген бағасы. Жанар Айлашова - 1984 жылы 20 қаңтарда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында дүниеге келген. М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің түлегі. Бала кезінен әдебиетке құмар болып өскен ол облыстық, аймақтық ақындар айтысына қат…

0
0
617

Кәсіби аурулар деген не?

Аурудан арылудың жолын білгіңіз келсе бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан көріңіз. Кәсіби аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет.…

0
0
1215

БҚО Сыбайлас жеқорлыққа қарсы қызмет балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамашылдығымен қолға алынған «Мектепке жол» акция бүгінгі күні республика көлемінде жүргізіліп жатыр. Бұл акция бәрінен бұрын әлеуметтік бағдары бар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мектеп жасындағы бабаларын жаңа оқу жылына дайындауда көмек көрсету мақсатында жасалған. 2015 жылдың 27 тамызда Орал қаласының №10 мектебінде «Мектепке жол» акциясының қорытындылауға арналған салтанатты шара өткізілді. Акция шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға мектеп киімдерін, рюкзактар және қажетті мектеп құралдарын тарту етті. Оқушыларға арналған өзінің құттықтау сөзінд…

0
0
683

Қазақстанда онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасы жасалады

Гюстава Русси клиникасы онкологиялық кампусының Бас директоры Александр Эггермонт (Франция) пен Берлиндегі университет жанындағы «Шаритэ» медициналық комплексінің профессоры Гюнтер Хенце отандық мамандарға Қазақстандағы онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасын жасауға көмектеседі. Аталмыш келісім ҚР ДСӘДМ-де өткен жұмыс барысындағы кездесулерде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен белгілі профессорлар арасында жасалды. Александр Эггермонтпен болған кездесуде ҚР ДСӘМ Ұлттық ғылыми-медициналық орталық базасында сүйек кемігін трансплантациялау бөлімін ашу, сонымен қатар, пациенттердің ауруын жеңілдету бағдарламалары, химиотерапияны дайындау мен өткізу, химиотерапияға арналған препараттарды жасаудың орталықтандырылған жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.…

0
0
281

Жастар үшін бос қызмет

Жастар үшін бос қызмет Тәжірибе көрсетіп отырғандай, азаматтардың жұмыс тәжірибесінің жоқтығы, еңбек нарығындағы сұраным ахуалы жайында ақпараттылықтың нашар күйі - жастардың жұмысқа орналасу жолындағы негізгі кедергілері болып табылады. Осыған байланысты «Бос қызмет жәрмеңкесі» - бұл жас мамандар мен оқу орындарының түлектері және жұмыс берушілер арасындағы тікелей байланыс орнатуын ұйымдастыратын шынайы, жүзеге асатын алаң. Солай, 2015 жылдың 4-ші қыркүйегінде Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ай сайынғы дәстүрлі ұйымдастырушысы болып кеткен, жұмыспен қамту жәрмеңкесін өткізді. Бос қызмет орындарын беру ұсынысымен 44 жұмыс берушілер келді. Олар: ПОФ АҚ «Казпочта», ЖШС «Imperium», ЖШС ТБӨ «Темиртас - Павлодар», РМК…

0
0
206

Қазақстанда оқушылар арасында «Денсаулық сабағы» апталығы өтуде

Ағымдағы жылдың 1-7 қыркүйегі аралығында Қазақстанда «Менің құнды байлығым – отбасым» ұранымен «Денсаулық сабағы» апталығы өтіп жатыр. Оның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. «Денсаулық сабағы» апталығының аясында республиканың барлық аймақтарында алғашқы медико-санитарлық ұйымдарында ашық есік күндері өткізілуде. Онда оқушыларға кеңес беру мақсатында арнаулы дәрігерлердің, мұғалімдердің, психологтардың, 7-11 сынып оқушыларының, сонымен қатар ата-аналардың және оқушылардың денсаулығын нығайту бойынша медицина қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек столдар мен оқыту семинарлары; қауіптің мінез-құлық факторларын алдын алу, тиімді тамақтану, физикалық белсенділікті насихаттау, репродуктивті тамақтану, отбасын жоспарлау, түсіктің а…

0
0
924

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз»

2015 жылдың 4 қыркүйек күні Департамент қызметкерлері Орал қалалық ішкі істер басқармасы жеке құрамында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз» атты семинар-кеңес өткізді. Семинар кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО Департаментінің басқарма басшысы А.Жұбаныш және консультанты Е.Төлепқалиев, Орал қалалық ІІБ бастығы М.Габдуллин қатысты. Шара өту кезінде Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндірсе, Е.Төлепкалиев департаментпен 8 айдың ішінде атқарылған жұмыстар тура…

0
0
559

Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты

Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. «Бүгін Үкіметтің отырысы өтті. Онда негізгі қаралған мәселе кейбір жанар-жағармайдың түрлеріне бағаны мемлекеттік реттеуден бас тартуға байланысты болды. Осы жөнінде Энергетика министрлігінің баяндамасы тыңдалып, соның есебінен Үкіметтің тиісті шешімі қабылданды», - деді ол. Б. Сағынтаевтың айтуынша, Үкімет бензин тапшылығын болдырмас үшін Аи-92/93 бензині бағасына мемлекеттік реттеуден бас тартып отыр. Қазақстан бұрындары Ресейден жетпейтін бензинді 97 теңгеден алған еді, яғни 1 рубль - 2,95 теңге бағамы бойынша. Бүгінде теңгенің еркін бағамы аясында бензин 120 теңгеден сатып…

0
0
205