Жастар үшін бос қызмет
Жастар үшін бос қызмет
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, азаматтардың жұмыс тәжірибесінің жоқтығы, еңбек нарығындағы сұраным ахуалы жайында ақпараттылықтың нашар күйі - жастардың жұмысқа орналасу жолындағы негізгі кедергілері болып табылады.
Осыған байланысты «Бос қызмет жәрмеңкесі» - бұл жас мамандар мен оқу орындарының түлектері және жұмыс берушілер арасындағы тікелей байланыс орнатуын ұйымдастыратын шынайы, жүзеге асатын алаң.
Солай, 2015 жылдың 4-ші қыркүйегінде Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ай сайынғы дәстүрлі ұйымдастырушысы болып кеткен, жұмыспен қамту жәрмеңкесін өткізді.
Бос қызмет орындарын беру ұсынысымен 44 жұмыс берушілер келді. Олар: ПОФ АҚ «Казпочта», ЖШС «Imperium», ЖШС ТБӨ «Темиртас - Павлодар», РМК «Казаэронавигация». Сонымен бірге аудан әкімдіктерінің, қалалық және облыстық басқару мен колледж өкілдері және тағы басқалары. Мысалға, ММ «Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» регистр басқармасына жетекші маман, жетекші баспасөз – хатшы және заңгерлерді қажетсініп отыр.
Жалпы ұсынылып отырған бос қызмет саны 400-ден астам болды. Сондықтан, әр қалаған адам өзінің түйіндемесін қалдырып, жуырда жұмысқа орналасуларына үлкен мүмкіндік алды.
