«Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз»

2015 жылдың 4 қыркүйек күні Департамент қызметкерлері Орал қалалық ішкі істер басқармасы жеке құрамында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз» атты семинар-кеңес өткізді.
Семинар кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО Департаментінің басқарма басшысы А.Жұбаныш және консультанты Е.Төлепқалиев, Орал қалалық ІІБ бастығы М.Габдуллин қатысты.
Шара өту кезінде Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндірсе, Е.Төлепкалиев департаментпен 8 айдың ішінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Семинар-кеңесте қатысушыларға арнайы жасалған жаднамалар, 1494 call-center номерлері бар визиткалар, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналдары таратылып, тақырыптық видеороликтер көрсетілді. Сонымен қатар, Агенттік дайындаған арнайы сауалнама толтырылды.

