Қазақстанда оқушылар арасында «Денсаулық сабағы» апталығы өтуде
Ағымдағы жылдың 1-7 қыркүйегі аралығында Қазақстанда «Менің құнды байлығым – отбасым» ұранымен «Денсаулық сабағы» апталығы өтіп жатыр. Оның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
«Денсаулық сабағы» апталығының аясында республиканың барлық аймақтарында алғашқы медико-санитарлық ұйымдарында ашық есік күндері өткізілуде. Онда оқушыларға кеңес беру мақсатында арнаулы дәрігерлердің, мұғалімдердің, психологтардың, 7-11 сынып оқушыларының, сонымен қатар ата-аналардың және оқушылардың денсаулығын нығайту бойынша медицина қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек столдар мен оқыту семинарлары; қауіптің мінез-құлық факторларын алдын алу, тиімді тамақтану, физикалық белсенділікті насихаттау, репродуктивті тамақтану, отбасын жоспарлау, түсіктің алдын алу және т.б. мәселелер бойынша оқушыларға арналған тренингтер өткізілуде.
