Ұстаздық еткен жалықпас...
Ол – осы күні Науырзым ауданы Қожа ауылының тұрғыны. Дүние есігін Егінсай елді-мекенінде ашып,алтын ұя табалдырығын алғаш 1943- жылы аттайды.Міне,осылайша, оның білім әлеміне бойлауы басталады. Бастауыш сыныпта алған ілімін ілгерілету үшін, 1950-ші жылы аталмыш аудандағы 7 жылдық мектепті,кейін,1953-ші жылы Әулиекөлдегі Шоқан Уәлиханов атындағы қазақ орта мектебін тәмәмдайды. Тиісінше, түлек сол жылы Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына түседі. Оқу ордасы қабырғасында жанына жақын жаратылыстану факультетін тәмәмдап,1957-ші жылдың 1-ші қыркүйегінде ол кезде орталау деп аталатын Науырзым мектебіне мұғалім болып келеді. Ұстаздық етуді ұлы іс деп ұғынған кейіпкеріміз,киелі мамандық тізгінін ұстауға кішкентайынан қызығады Тиянақтылығымен танылып, жауапкершілігімен көзге түсе білген ж…
