Мағжан сенген жастар жемқорлыққа қарсы

Ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенттері, жастар арасындағы жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мақсатында өткізілген бірегей дәріске куә болды.
Мәселен, жемқорлыққа қатысты негізгі түсініктерді анықтау және осы әлеуметтік дерттің кері әсерлері туралы ұғымды қалыптастыру үшін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің қызметкері жастарға сөзжұмбақ жасырды.
Бұдан әрі 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері жайында дәріс оқылды.
Ал емқорлыққа қарсы әзірленген, бейне роликтерді көруден пайдалы әсер алған студенттер мен олардың оқытушылары аталған тақырыпта өз пікірлерін білдіріп, тұрмыстың қай саласы болмасын, бұдан былай жемқорлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік танытатындықтарын жеткізді.
Дәріс соңында барлық қатысушыларға әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
