Талғарда 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы іріктеу матчтарына дайындықтан өтіп жатыр
9 қыркүйек күні 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлады «Қазспорт» агенттігі. Ұлттық құраманың базасында аға жаттықтырушы Ойрат Сәдуовтің шәкірттері 9-15 қыркүйек аралығында жаттығу жүргізеді. 12 қыркүйек күні Қырғызстан жасөспірімдер құрамасымен жолдастық матч өткізеді. 16 қыркүйек күні футболшылар Хорватияға жол тартады. Ол жақта Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчтары өтеді. Қазақстандық футболшылардың қарсыластары — Венгрия, Хорватия және Черногория құрамалары. Жаттықтырушылар штабы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды: Қақпашылар: Олег Грубов («Қайрат»), Егор Цуприков («Болат»), Бекжан Тоқтарбай («Ордабасы»); Қорғаушылар: Виктор Зябко («Оқжетпес»), Рүстем Әбдіразақов («Бәйтерек»), Руслан Әлімбаев («Шахт…

