Ағымдағы жылғы 8 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметке ақы төлеу және медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша дәріс-кеңес өткізді.
«Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының жобаларын, жемқорлық құқық бұзушылыққа тағылатын жауапкершілік бөлігінде «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі» мен қылмыстық кодексті талқылау кезінде, департамент мамандарында көптеген сұрақтар туындады.
Кірістер мен шығыстар туралы декларацияны тапсыру рәсімдері туралы, халыққа медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсететін, бизнес субъектілерінің есебінен шетелге сапар шегетін денсаулық сақтау саласындағы КМК басшылары әрекеттерінің заңдылығы, медициналық қызмет көрсету сапасын жаңарту жолдары, ауруханалардың тіркеу бөлімдерінде жұмыс атқаратын қызметкерлердің әдебі туралы және мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын көтеру, жемқорлықпен күрес жолындағы халықаралық оң тәжірибелер туралы сауалдар, тиісті және нақты жауаптарын тапты, ал кейбіреуін шешу үшін Департамент өкілі оңтайлы жолдарые ұсынды.