Жасыл экономиканы өндірісте ғана емес ауылшаруашылығында да кеңінен қолдануымыз қажет.
Жаһандық технологиялар өнімнің тез пісіп жетілуіне мүмкіндік берсе, табиғи жолмен өндірілген тыңайтқыштар жер құнарын сақтайды. «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы мен Астана қаласындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар кеңсесінің өкілдері Шымкентте шаруалармен жүздесті. Басқосуда баламалы қуат көздері мен инновациялық жобалардың тиімділігі түсіндіріліп, органикалық ауылшаруашылығын одан ары дамыту мәселесі талқыланды. Мамандар отандық тауар өндірушілерге тиімді технологияларға қалай қол жеткізуге болатынын және оған мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді айтып берді. Жалпы оңтүстікте күннің көзі мен өзен суын пайдаланып арзан қуат көзі өндіріліп жатыр. Жел күшін пайдалану да жоспарда бар. Жалпы ғылымды өніріспен ұштастырып, табиғат байлығын тиімді пайдалану тауардың өзіндік құнының төмендеуіне де негіз болады, – дейді мамандар. Елімізде органикалық тауарлар өндірісі жайлы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр.
Салтанат Рақымбекова, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының басқарма төрайымы:
- Енді оңтүстіктің потенциалын айтатын болсақ, негізі бұл жер –ауылшаруашылығы дамыған өңір. Бұл жерде барлық өнім түрі шығарылады. Енді сол өнімнің бағасын түсіру керек. Өйткені ол өнім бағасында энергошығындар көп болады. Соны азайтуда осы «жасыл» технологияның мүмкіншілігін біз жеткізіп көрсетіп отырмыз.
http://gbpp.org/kz/2015/09/8238
