Облыстық ЖИТС орталығының ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямен танысты
Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығының әкімшілігі мен қызметкерлеріне ақпараттық кездесу ұйымдастырды. Департамент қызметкерлері медицина мамандарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мақсаты және міндеті, мемлекеттік басқару, сот және құқық қорғау жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі елімізде қабылданатын шаралар, халықтың жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ, Орталық ұжымы 10 жылдық мерзімге көзделген, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылу барысына ерекше қызығушылықтарын танытты. Жемқорлық құқық бұзушылықтар мен жүйелі қылмыстарды анықтау және алдын алуда аз…

