Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Кешегі күн — бүгін тарих» ZhasCamp 2013

Осындан екі жыл бұрын ZhasCamр 2013 - республикалық Жастар конференциясына қатысып, біршама адамдар мен танысып, жан-жолдастарға айналдық.

Девизінің өзі де ерекше "Думай неформально, действуй эффективно"! 2010 жылдан бастау алған іс-шара, оның ұйымдастырушылары "Молодежная информационная служба Казахстана", өзім бұл конференцияға 2013 жылы қатыстым. Маған ұнаған тұстары:

  • қатысушыларға ешқандай шақыртулар жіберілмейді, сайт арқылы тіркелесің;
  • алыстан келетіндерге гранттар қарастырылған;
  • спикерлері жан-жақты, сондықтан да тақырыптары қызықты және пайдалы;
  • бір күн алдын неформалды танысу арқылы 2 күндік конференцияның қатысушылар бірін-бірі бұрыннан танитындай жүреді;
  • "кері байланыс" бар;
  • "отчет" үшін өткізілмейді.

Қатысқан әр іс-шара, форум немесе конференциядан кейін барлық адамның шығаратын өз қортыныдысы, сараптамасы болады. Мен бұл шарадан бір жылдық позитив, жаңа оқу және жұмыс жылына серпіліс алдым және жаңа достар таптым.

Ал, осы жылғы ZhasCamp 2015 - Жастар конферециясынан күтерім мол! "Кешегі күн - бүгін тарих" - деп бекер айтылмаған ғой...

p.s. менің алғашқы жазбам болғандықтан, түсіністікпен қарауларыңызды сұранамын)

1
0
700

Осы тақырып бойынша

«Кешегі күн — бүгін тарих» ZhasCamp 2013 - Yvision.kz