Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодарда заңсыз ағаш кескендер ұсталды

24.kz

Іштен шыққан жау жаман.

«Ертіс орманы» табиғи резерватының үш бірдей қызметкері ағаш кесіп жатқан жерінде ұсталды. Мекемеде ғылыми қызметкер, өрт сөндіруші және жүргізуші болып еңбек еткен азаматтардың заңсыз әрекеті Шалдай орманында жүргізілген рейдтік шаралар барысында әшкере болды. Полицейлер оқиға болған жерден заттай айғақтар тапқан. Екі ағаш кесетін арамен бөренелер тиелген «Газ 53» көлігі тәркіленді. Жасыл желекті кескендер енді заң алдында жауап бермек.

Баян Мағзұмова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Алдын ала есептеу бойынша, залал сомасы 124 мың теңгеден асады. Ұрлық дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

http://gbpp.org/kz/2015/09/8228

 
1
0
378

Осы тақырып бойынша

Павлодарда заңсыз ағаш кескендер ұсталды - Yvision.kz