«БАТЫС СУ АРНАСЫ» ЖШС-де семинар-кеңес өткізілді

2015 жылдың 28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілімен ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру мақсатында «Батыс су арнасы» ЖШС-де семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңы мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті.
Cондай-ақ, департамент басшыларының азаматтарды қабылдаулары мен сенім телефоны call-center 1494 жұмысы туралы ақпараттандырды.
Сонымен бірге, мекеме ұжымына жемқорлық профилактикасы бағытында видеороликтер көрсетіліп, жаднамалар таратылды.
