Мазмұнға өту

Жаңа

Ұстаздар күніне арнайы топтама

Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, өмірлік бағыт-бағдар мен өнегелі тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ұстаздың қоғамдағы рөлі әрдайым жоғары болмақ. Мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, EL.kz редакциясы Астана қаласы мектептерін аралап, оқырмандарымызға абзал жанды ұстаздарды таныстыруды ұйғарды.

0
0
497

«Тарих тағылымы». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сұхбаты

Елбасы сұхбатын бүгін сағат 19:30-да көріңіздер.

Бүкіл Қазақ елі хандықтың 550 жылдық мерекесін тойлауды ресми түрде бастаған сәтте Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада «Қазақстан» Ұлттық телеарнасына сұхбат берді.

Тарихтан терең сыр шертетін танымдық әңгімеде қазақ ұлтының өткені мен болашағы жан-жақты сөз болып, ұрпақтар сабақтастығының салиқалы жолы дәріптеледі.

«Тарихтан терең сыр шертетін танымдық әңгімеде қазақ ұлтының өткені мен болашағы жан-жақты сөз болып, ұрпақтар сабақтастығының салиқалы жолы дәріптеледі», - дейді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын бүгін сағат 19:30-да Ұлттық арнада көре аласыздар.

0
0
217

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымы

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғыз елдерінің өнерпаздары қатысқан.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Барыс» мұз айдынында «Мәңгілік ел» театрландырылған концерті өтті. Үш мыңға тарта адам қатысқан қойылымды бүгін сағат 18:00-де Ұлттық арна эфирінен көріңіз.

Шара шымылдығы - «Туған жер» хореографиялық композициясымен ашылады. Мерекелік қойылым 7 бөлімнен тұрады. Мерекелік шараға астаналық мектеп оқушыларынан бастап танымал актерлар қатысқан.

«Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымын сағат 18:00-де көріңіз.

0
0
429

«Келбет» бағдарламасында – Төлен Әбдік

Төлен Әбдік туралы бағдарламаны бүгін сағат 14:30-да көріңіз.

«Келбет» бағдарламасының бүгінгі шығарылымы Халықаралық Ф.Кафка сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы – Төлен Әбдікке арналады.

Төлен Әбдіктің шығармалары ең алғаш 1964 жылдан бастап жариялана бастаған. «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987), «Парасат майданы» (2002) романдарын жариялады. Әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шыққан. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған.

«Келбет» бағдарламасын бүгін сағат 14:30-да көріңіз.

0
0
735

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы халықаралық «Тур Алматы-2015» велобәйгесін тікелей эфирде көрсетеді

4 қазанда Алматыда халықаралық «Тур Алматы-2015» велобәйгесі өтеді.

Жарысқа Еуропа мен Азиядан (барлығы 17 мемлекет) 20 команда қатысады. Олардың арасында еліміздің «Astana Pro Team» мен ресейлік «Katusha»  сияқты кәсіби, «Rusvelo» сияқты құрлықтық 14 велокомандалары бар. Сонымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан мен Моңғолияның Ұлттық құрамалары бақ сынайды.

«Тур Алматы-2015» сайысының барлық қатысушылары 31 шақырымдық шеңберді 6 рет айналады. Осылайша Алматының жолдарында өтетін критериум жарысының жалпы ұзындығы 186 шақырым болмақ.

Ал, көрермендер мен жанкүйерлер велобәйгені «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Көрсетілім 4 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 12:55-те жарысты «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
280

Эфирде «Айгөлек» балалар сазды жобасы

Бүгін «Айгөлектенің» концертін сағат 11:50-де көріңіз.

Жаңалыққа толы жаңа маусымда қаншама жас өнерпаздың жолы мен бағын ашқан «Айгөлек» сазды жобасы бүгіннен бастап Ұлттық арна эфирінен көрермендерге жол тартады.

«Айгөлектің» маусымашар концертінде жас талантты әншілердің әнін, мың бұралған биші қыздардың биімен қатар, елімізге белгілі әншілердің әндерін тыңдай аласыз.

«Айгөлек» балалар сазды жобасын бүгін сағат 11:50-де тамашалай аласыздар.

0
0
383

Кадет мектебінде

30 қыркүйекте Павлодар мамандандырылған кадет мектебінде кездесу кешінің құрметті қонағы болдым. Шара Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай ұйымдастырылды. Мемлекетшілдік, отаншылдық тақырыптарына жазылған өлеңдерімді оқып, курсанттардың сұрақтарына жауап бердім. Олар да өз өнерлерін көрсетіп, кеш тартымды әрі мәнді-мағыналы өтті.

0
0
245

Алматы облысының әкімі өңірдің үздік ұстаздарын марапаттады

Бүгін Алматы облысында мұғалім мамандығының үздіктері марпатталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында өткен шарада «2015 жылдың ең үздік мұғалімі» атағын Талдықорған қаласының № 10 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Зарина Түсіпжанова жеңіп алды. «Облыстың 737 жалпы білім беру мекемелерінде 34 мыңнан астам ұстаз оқушыларға білім беруде. Тәуелсіздік алған жылдан бері облыс аумағында 162 білім ошағы іске қосылды. Соңғы жылдары үздік мұғалімдер өздерінің лауазымдық еңбекақыларына 30-дан 100 %-ке дейін үстемеақы алады», - деді Амандық Баталов. Сондай-ақ Амандық Ғаббасұлы облыстың білім саласын қаржыландыру көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқандығын, бүгінде 109 миллиард теңгеден асып түскендігін айтып, ұстаз…

0
0
609

ҚР ДСӘДМ жұмыс орындарын сақтап тұру үшін барлық қажетті шараларды қолдануда

Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында жұмыс орындарын сақтап қалу туралы меморандумдарды жасау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда 2 млн-нан астам қызметкерлерді қамтыған 72 мыңға жуық меморандум жасалды, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Сонымен қатар, жаппай қысқарту қаупінің сақталуы мен білікті қызметкерлердің жұмыс орнын сақтап қалуға, қысқарту болған жағдайда, оларды жұмысқа орналастыруға негізделген қажетті шараларды ескере отырып, жаңа құралдарды енгізу арқылы «Жұмыспен қамту картасы 2020» бағдарламасын жандандыру бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Оның мәні төмендегідей: Білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтап қалу үшін өндірістік кәсіпорындардағы білі…

0
0
243

Н. Назарбаев: ҚР-ның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві болуы керек

Қазақстанның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві болуы керек, деп Қазақстан машина жасаушыларының ІІІ форумында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. «Құрметті қатысушылар, сіздерді Қазақстан машина жасаушыларының ІІІ форумының ашылуымен құттықтаймын. Ол бизнес пен ғылым арасындағы іскерлік алаңға айналды. Біз ЕАЭО мен ДСҰ-ға ендік, жаңа әлемдік нарықтарға қолжеткіздік және өзіміздің нарықтарымызды да ашудамыз. Қазақстанның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві болуы керек», - деп Б.Сағынтаев ҚР Президенті атынан форум қатысушыларына үндеу жолдады. Елбасының құттықтау сөзінде айтылғандай, саланың жұмыс і…

0
0
415