Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлыққа төздірмейтін дәріс оқылды

Ағымдағы жылғы 2 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, «ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті» РММ ұжымына дәріс оқыды.
Департамент қызметкерлері жиылғандарға, елімізде және өңірімізде мемлекеттік басқару, сот және құқық қорғау жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа төтеп беруге бағытталған іс-шаралар, халықта жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары туралы мағлұмат берді.
Жемқорлық құқық бұзушылықтар мен жүйелі жемқорлықты анықтау және олардың алдын алуда азаматтардың алатын орны ерекше атап өтілді.


Кездесуде өз пікірін білдірген ведомство басшысы В. Молодовский, мемлекеттік аппаратты қайта құру, сонымен қатар жемқорлыққа төзбейтін әлеуметтік-жауапты қоғамды қалыптастыру жөніндегі қабылданатын шараларға бөлімшелерінің қызметкерлері де белсенді ат салысатындықтарын жеткізді.
Халықпен өзара байланыстың маңыздылығын кезекті рет атап өткен Департамент мамандары, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылған Департаменттің интернет-ресурстары: «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» веб-сайты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңымен таныстырды.
Дәріс соңында, әдеттегідей әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

0
0
300

Осы тақырып бойынша

Жемқорлыққа төздірмейтін дәріс оқылды - Yvision.kz