Елбасымыз «Көктем шуағы» атты салтанатты кездесуге келген 30 әйелге сыйлаған зергерлік бұйымдардың авторы Амина Шоқпаровамен арнайы сұхбат құрдық
Қазақстанда тұңғыш рет балаларға арналған ұлттық зергерлiк әшекей бұйымдар шығарған дизайнер Амина Шоқпарованың есімі көпшілікке танымал. Бүгінгі таңда тұтынушыларына «Amina jewels» брендімен танылған әшекейлер бүгінгі заманға лайық етіп жасалғандығымен ерекше. Аминаның қиялынан туған зергерлік бұйымдардың әрқайсысына тән атауы мен мазмұны, тарихи мағынасы бар. Жақында талантты дизайнермен жүздесіп, ұлттық нақыштағы жәдігерлер – күмістен соғылған әшекейлер туралы әңгімелестік.


