Діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас
2015 жылдың 2 қазан күні Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасымен діни бірлестіктер клубының отырысы өткізді.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті артыруға бағытталған
бірлескен жоспар аясында шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш, консультанты Е.Т.Төлепқалиев және діни бірлестіктер клубының мүшелері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелердің бірі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мәселесі болды.
А.С.Жұбаныш өз сөзінде ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басты мақсаттарымен міндеттері, нақтырақ айтқанда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру және жемқорлық көріністерін қабылдамау туралы айтты.
Сондай-ақ, департамнет консультанты Е.Т.Төлепқалиев рухани құндылықтарды ұстанып, оны күнделікті мешітке келушілер арасында шынайы дәстүрлі рухани құндылықтар мен жоғары моральды, мәдениет пен білімді заң талаптарын құрметтейтін патриотизмге тәрбиелеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу туралы айтты.
Шара өту барысында діни бірлестіктер төрағаларына өздерінің күнделікті халықпен қарым-қатынас жасаған кезде қоғамға жат құбылыс ішімдік ішу, нашақорлық және парақорлық мәселелеріне басты назар аудару ұсынылды.
Шара соңында «Жаңа өмір» Евангелдік сенімінің нәсіхшілер сенушілер қауымы жергілікті діни бірлестігінің төрағасы Крюков Иван Михайлович департамент өкілдерінің айтқанын қолдап, шын мәнінде айтылған ұсыныстарды жұмыс барысында қолданатындарын жеткізді.
