Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылорда облысында ШОБ-тің экономикалық белсенділігін арттыру бойынша жұмыс тобы құрылды

Қызылордада облыс әкімдігімен «Қазкоммерцбанк» АҚ ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, қос тарап Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілерімен экономикалық белсенділігін арттыру бойынша бірлесе жұмыс жасайды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы меморандум аясында әкімдік пен банк шағын және орта бизнестің индустриалдық-инновациялық жобаларын қолдауға, қазақстандық мазмұнын арттыру мақсатында өңдеу өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалардың енгізілуіне аса көңіл аударады. Әріптестіктің негізгі бағыттарының бірі бизнесті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасына ұсынысты қолдаған үшін алғысын білдіріп, банк қызметкерлерінің жұмыстарына табыс тіледі.

«Біздің аймағымыз серіктестік орнату үшін өте қолайлы. Біз ЕҚҚДБ, АДБ, БҰҰ даму бағдарламасы және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасаймыз. Кеше облысымызда орта тапты қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті. Сіздің шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірлескен жұмыс тобын жасау жөніндегі ұсынысыңызды қолдаймын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

«Қазақстандағы ең ірі несие беруші банк және отандық кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы ретінде «Қазкоммерцбанк» жергілікті атқарушы билік органдармен тиімді серіктестік қарым-қатынасты орнатуға мүдделі және Қызылорда облысы кәсіпорындарымен әріптестікті нығайтып, кеңейтуге бағытталған. Сондай-ақ, біз жоспарлаған мемлекеттік бағдараламалардың бәрін жүзеге асыруды жалғастырамыз және өз тарапымыздан ұтымды жобаларды тиімді келісім шарт негізінде қаржыландыруға дайынбыз», - деді банк басқарма төрағасы Мағжан Әуезов.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Годунова және облыстық кәсіпкерлік және туризм басқарамасының басшысы Мирас Төлебаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, әлеуетті серіктестік салаларын таныстырды. Өз кезегінде «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы М.Әуезов және басқарушы директорлар банк қызметі туралы айтып берді. Банк делегациясы түс ауа өңірлік кәсіпкерлермен кездеседі және бірқатар өндірістік нысандарды аралайды.

Ақпарат көзі

 
0
0
289

Ақтөбенің жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту үшін ЕҚДБ 3,1 млрд теңге бөлді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) Қазақстандағы директоры Джанет Хекман арасында 3,1 миллиард теңгеге Ақтөбе қаласындағы жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және қайта құру жобасы бойынша кредиттік келісімге қол қойылды, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ облыс әкімі, Ақтөбе қаласының әкімі және «Трансэнерго» АҚ мен ЕҚДБ арасындағы жобасын қолдау туралы төрт жақты келісімге қол қойды.

Өңір басшысы қол қою барысында осы іс-шараның облыс орталығы үшін маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Өйткені, жылу жүйелері (68,5%) және қазандықтардың (58,5%) басым бөлігі тозғандықтан ақтөбеліктер жылуға толықтай қол жеткізе алмай отыр, жылудың 15-17% далаға кетеді.

Осы алынған несиенің нәтижесінде 2016-2017 ж.ж аралығында 7,7 шақырым жылу желісі және 8 қазандық қайта жаңартылатын болады.

Бұл жылу жүйесінің энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп, электр, су, отын шығындарын азайтуда, жылудың үздiксiз берiлуiн қамтамасыз етуде, нысандардың сапалы және сенімді жұмыс істеуде, аварияларды қысқарту, аварияларды жою үшін шығындарды төмендетуде 29.11 мың гкал 6 жылдық жылу ысыраптарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұған қосымша қоршаған ортаға экологиялық салдар айтарлықтай азаяды.

Іс-шара кезінде Ақтөбе облысында ЕҚДБ шамамен 20 жобаны қаржыландырғаны атап өтілді.

Бұған дейін, биылғы жылғы маусым айында Астана қаласында «Ақбұлақ» АҚ және ЕҚДБ арасында 2016-2018 жылдары Ақтөбедегі су және ағынды сулар жүйелерін жаңғырту үшін шамамен 4 миллиард теңге инвестиция несиелік келісімге қол қойылды. Келісімді орындау барысында 2016-2018 жылдары 4-сумен жабдықтау, 1-санитария үшін, 4 - орнату ақпараттық және өлшеу жүйесін іске асыру жоспарда тұр.

Жүздесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға сенім артты. «Бізде тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуді одан әрі жаңғырту, автобус паркін жаңарту, облыс орталығын жарықтандыру, қоршаған ортаны жақсарту және басқа да проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі жұмыстар көп. Алдағы уақытта да Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің басшылығы тарапынан қолдау табатынымызға сенімдімін»,-деген облыс әкімі қазір жұмысы қызу қолға алынып жатқан Индустриалды аймақты жандандыруға инвестициялар салу жөнінде ұсынысын білдірді.

Ақпарат көзі

 
0
0
372

Мемлекеттік органдарда жемқорлық көріністерін болдырмайтын қажетті шаралар қабылдануы тиіс – Алматы әкімі

«Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 15 қазаннан бастап білім және денсаулық сақтау мекемелері қаржылық есептерін жариялауды бастайды. Бүгін Алматы әкімі, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек қалалық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген мәжілісінде осылай деді, деп әкімдіктен хабарлады.

Күн тәртібінде жемқорлыққа қарсы жасалған өңірлік жоспарды жүзеге асыру және денсаулық сақтау мен білім беру салаларында мемлекеттік қызмет көрсетуді ашық жүргізу жөнінде мәселе қаралды.

«Өздеріңіз білесіздер, осы жылдар ішінде ҚР Президенті, біздің партияның Жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жемқорлыққа қарсы күресте жүйелі шаралар жүзеге асуда. Мысалы, әлемдік озық тәжірибе негізінде ауқымды әкімшілік реформа жүргізілді. Қызметкерлер саны 8 есе азайды. Елбасының тапсырмасы бойынша Саяси кеңестің кеңейтілген мәжілісінде 2025 жылға дейінгі жемқорлыққа қарсы күрестің Бағдарламасы жасалды. Демек,бүгінгі күні біздің қолымызда жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізудің барлық құралдары бар» - деп атап өтті Б.Байбек мәжіліс барысында.

Кеңейтілген мәжілісте партияның Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, қала әкімінің орынбасары, білім және денсаулық сақтау салаларының жетекшісі Зәуре Аманжолова баяндама жасады.

«Қоғамда жиі көтерілетін көкейкесті мәселенің бірі - мектептерде ата- аналардан мәжбүрлі түрде ақша жинау. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін білім беру ұйымдарында ақша жинауға қарсы шаралардың жоспары жасалып, бекітілді»-, деді З.Аманжолова.

Осыған орай «Нұр Отан» партиясы АҚФ-ның төрағасы Б. Байбек қалалық филиалдың рөлі мен мәніне тоқталып өтті.

«Жемқорлық көріністеріне тек денсаулық сақтау мен білім беру салаларында ғана емес, барлық мемлекеттік органдарда жол бермеу керек. «Hұp Отан» партиясы жемқорлық жолдарын жиі сараптап, бұл істе өзінің жетекші рөлін күшейткені жөн. Мемлекеттік органдар сынға жедел ден қойып, жемқорлық көріністерін болдырмаудың қажетті шараларын қабылдаулары тиіс», - деді әкім.

Бұлардан өзге қала басшысы мемлекеттік қызмет көрсетуде есеп беру мен ашықтықты қамтамасыз етудің концептуалды әрі пәрменді шараларын жасауды, оны тиімді қолдануды тапсырды. Мысалы, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын жүзеге асыруда әкім мемлекеттік емес ұйымдар мен БАҚ-ты қатыстыра отырып, Халықаралық тәжірибені пайдалануды ұсынды.

«Мемлекеттік қызмет көрсету әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс. Алматылықтар белгілі нысанды ұстап тұру үшін қанша қаражат бөлінгендігін, оның кірісі мен шығысын білулері тиіс. Болашақта әкімдіктің құзырына қарайтын барлық бюджеттік ұйымдар көпшіліктің алдында жүзеге асырған істері туралы жариялы түрде есеп беретін болады», - деді әкім.

Шара соңында бір ай ішінде Жемқорлыққа қарсы жаңартылған өңірлік жоспарды жасау жөнінде шешім қабылданды. Оның жүзеге асуына партияның қалалық филиалы мен мемлекеттік қызмет жөніндегі Департамент тоқсан сайын бақылау жасайтын болады.

Ақпарат көзі

 
0
0
462

«Астана Операда» британдық пианиношы С. Рамэннің қатысуымен «Романтизм жауһарлары» концерті өтеді

Атақты британдық пианиношы София Рамэн және қазақстандық талантты музыканттар Ботагөз бен Болат Тыныбековтер «Астана Опера» театрының Камералық залының сахнасында өтетін «Романтизм жауһарлары» концертінде өнер көрсетеді. Кеш 9 қазанда II Халықаралық «Жібек Жолы» фестивалінің аясында ұсынылады, деп хабарлады «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Пианиношы София Рамэн Ұлыбритания мен Еуропаның беделді концерттік залдарында өнер көрсетеді. Оның жеке концерттері BBC, Жапонияның, Швецияның, Нидерландтардың ұлттық телеарнасы, Classic FM радиосы, BBC 3 радиосы және басқалары арқылы көрсетілді. Әртіс Франция, Алмания, Жапония, Аргентина, Жаңа Зеландия, Кения және көптеген өзге елдерде жоғары табыспен гастрольде болған.

Халықаралық конкурстардың лауреаттары, Президенттік «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, Лондон  қ. Корольдіктің музыка колледжінің түлектері Тыныбековтер – ағылшындық, неміс, швейцариялық, итальяндық және қытайлық көрерменнің сүйіктілері. Қазақстандық-британдық трионың концерттері Кембридждік университеттің, Лондонның Ұлттық галереясының, Ұлыбритания Корольдігінің азиялық қоғамдастығының, сондай-ақ Алматы мен Астана концерттік залдарында үнемі аншлагпен өтеді. Музыканттар жақында Швейцариядан сапардан оралды, ал алдағы жылы Англияда, Румынияда және Қазақстанда өнер көрсетуді жоспарлауда.

««Астана Опера» сахнасында мен алғашқы рет ойнаймын, дегенмен бұл менің Қазақстанға үшінші келуім, мен бұл елді өте жақсы көремін! Бұған дейінгі сапарларымда Астанада, Алматыда және Қарағандыда болудың сәті түсті. Қазақстандық көрермен қашанда жылы қарсы алады, музыканы жақсы түсінеді, адамдар – жомарт һәм қонақжай. Музыканың бар әсемдігін, ондағы құштарлықты және драманы жеткізе аламыз, және астаналық тыңдарман осы ұлы шығармалардан бізбен бірге ләззат алады деп үміттенемін», - деп атап өтті София Рамэн.

Әртістер, әрбір туындының маңыздылығына қарай, концерттің бағдарламасын мұқият әзірледі, барлық таңдалған композициялар – жауһарлар. Классикалық стильден романтикаға өту кезеңі қызықты әрі инновациялық екенін, бұл әсіресе жаңа композициялардың дүниеге келуіне ерекше әсер еткенін атап өтейік.

Кеш бағдарламасында Романтизм дәуірінің камералық музыкасының көрнекті шығармалары: Л. Бетховеннің скрипка және фортепиано №2 сонатасы, Й. Брамстың виолончель мен фортепианоға арналған №1 сонатасы, Ф. Шуберттің фортепианоға арналған №4 төкпесі, Ф. Мендельсонның №1 фортепианолық триосы ұсынылады.

«Біз үшін музыканың барлық стилі маңызды, алайда романтизм біздің рухымызға ерекше жақын. Камералық музыканың жауһары – Ф. Мендельсонның триосы – аталған бағыттың шарықтау шыңдарының бірі. Бір қызығы, бұл шығармада әрбір аспаптың маңызы бірдей. Біз, акустикасы тамаша, соны техника тілінде сөйлейтін, еліміздің ең әсем әрі ең беделді сахнасында өнер көрсететінімізге өте қуаныштымыз», - дейді Ботагөз бен Болат Тыныбековтер.

Ақпарат көзі

 
0
0
400

Берлинде Қазақстанның сыртқы саясат бастамалары және реформаларын қолдайды

Германияға жұмыс сапары аясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы, Бундестаг депутаты Манфред Грундпен, және өзінің әріптесі, Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері жөніндегі уәкілі Андреас Пешкемен екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық мәселелер бойынша өзекті сұрақтарды талқылады, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломат 28 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамлеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы шеңберінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтылған сыртқы саяси бастамалары, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және еліміздің дамуының басқа да тиісті аспектілерінің негізгі ережелері туралы неміс тарапын хабардар етті.

Сонымен қатар, Қазақстанды 2017-2018 жылдардағы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету және  Қазақстанның ДСҰ кіруі аясында екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін дамыту, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар 2012 жылы Германияға жасаған Елбасының сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асырудағы өзара табысты  әрекеттерді белгіледі, атап айтқанда, шикізат, технологиялық және өндірістік салалардағы серіктестіктің баяндылығы, сондай-ақ Қазақстанда дуалды білім берудің неміс моделін енгізу.

Келіссөздер барысында Қазақстанда тұратын және Қазақстаннан Германияға көшкен екі ел арасындағы «тірі көпір» болып табылатын этникалық немістердің рөлі ерекше аталды. Осыған байланысты  Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ЕО визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

Неміс тарапы, өз кезегінде, БҰҰ реформалау үдерісі шеңберінде ҚР сыртқы саяси бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына жоғары баға берді. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы атап өтіп, алдағы көрмеге Германияның ұлттық үйлестірушісі (комиссары) тағайындау туралы баяндалды.

Жалпы алғанда, кездесу нәтижесінде  екіжақты қатынастардың барлық кешені бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайту бойынша Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып отырғаны, сондай-ақ тараптардың халықаралық күн тәртібіндегі қарқынды дамуына өзара қызығушылығы бар екені анықталды.

Ақпарат көзі

 
0
0
287

Қостанай облысындағы жол-құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанайдың көлік инфрақұрылымдарында, халықаралық әуежай мен теміржол вокзалын, сонымен қатар, олар Тобыл өзенінен өтетін Екатеринбург-Қостанай күре жолындағы көпірдің күрделі жөндеу барысын барлап қайтты, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ.

Көпірді қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары туралы «ҚазАвтоЖол» Қостанай қаласы филиалының директоры Андрей Горват баяндап берд.

Оның айтуынша, 1 қазанға дейінгі көпірді қалпына келтіруге арналған қаражат толығымен игерілді. Республикалық маңызы бар жолға күрделі және орта жөндеу жұмыстары мен күтіп баптау шаралары жүргізілді.

Тобыл өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру жұмыстары аясында барлық коммуникациялар ауыстырылды. Атап айтқанда Таран көшесі астындағы жылу жүйелерін, көпір астындағы газ құбыры, байланыс желісі жаңартылды. Қазіргі кезде көпірдің тірек бөлімшелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілдуде.

Андрей Горваттың айтуынша, ағымдағы жылы Қарабұтақ-Қостанай автомобиль жолының 42 километрі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жолдарды тегістеу жұмыстарының көлемі толық орындалды. Бүгінде жол жиектерін бекіту, шығу жолдарын орнату жүргізілуде. Автопавильондар мен жол белгілері орналастырылуда.

Бұған қоса, Қазақстан-Ресей «Қайрақ» шекара өтпежолын жабдықтау шаралары қолға алынды. Өтпежолды жаңа асфальтбетонды төсеу арқылы кеңейту жұмыстары өз мәресіне жетіп қалды. Жаңа жылдың соңына дейін ұзындығы 91,5 километрге жететін Екатеринбург – Алматы және Мамлютка-Қостанай автожолдарының 5 бөлімшесіне жөндеу жұмыстары аяқталады.

Жалпы,Қостанай облысының жолдарын күрделі, орта жөндеуден өткізу, қалпына келтіру жұмыстарына 800-ге жуық жұмыс күші тартылды. Мердігерлер ұйымдармен осы жұмыс орындарын сақтап қалу және қазақстандықтардың 90 пайызын тарту туралы келісім жасалды.

Андрей Горват айтып өткендей, автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстауға дайындық және жол-көлік техникаларын, өндіріс базаларын, қазандықтарды жөндеу жұмыстары аяқталды. Жолдарды өңдейтін тұз, көмір және құм әзірленді.

Шара қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті мен Қостанай облысы әкімі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысына автожолдардың қыс мезгіліне уақтылы дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі

 
0
0
539

«KAZsport» телеарнасы бокстан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

5-15 қазан аралығында Катарда (Доха) бокстан Әлем чемпионаты өтеді. «KAZsport» телеарнасы қазақстандық жанкүйерлерге үлкен сыйлық жасап, жаһандық бәсекені тікелей эфирде көрсетпек.

«KAZsport» Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңіндегі тартысты бәсекелердің барлығын ертең, 6 қазаннан, Астана уақытымен сағат 17:00-ден бастап көрсетеді.

Айта кетейік, Әлем чемпионатына 73 мемлекеттен 260 боксшы қатыспақ. Олардың 94-і Еуропадан, 66-ы Азиядан, 51-і Солтүстік және Оңтүстік Америкадан, 32-і Африкадан, ал 17-і Океаниядан келеді. Бұл спортшылар 2016 жылы Рио-де-Жанейро өтетін Олимпиада ойындарының 23 лицензиясын сарапқа салады.

 

КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:

6 қазан

17:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 1-ші күн. 1-бөлім. Тікелей эфир

22:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 1-ші күн. 2-бөлім. Тікелей эфир

 

7 қазан

08:40. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 1-ші күн. 3-бөлім

11:50. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 1-ші күн. 4-бөлім

17:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 2-ші күн. 1-бөлім. Тікелей эфир

22:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 2-ші күн. 2-бөлім. Тікелей эфир

 

8 қазан

10:35. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 2-ші күн. 3-бөлім

14:30. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 2-ші күн. 4-бөлім

17:55. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 3-ші күн. 1-бөлім. Тікелей эфир

22:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 3-ші күн. 2-бөлім. Тікелей эфир

00:30. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 3-ші күн. 1-бөлмнің жалғасы

 

9 қазан

10:40. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 3-ші күн. 3-бөлім

13:50. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 3-ші күн. 4-бөлім

18:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 4-ші күн. 1-бөлім. Тікелей эфир

22:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 4-ші күн. 2-бөлім. Тікелей эфир

 

10 қазан

10:15. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 4-ші күн. 3-бөлім

13:30. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 4-ші күн. 4-бөлім

20:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Ширек финалда. 1-бөлім

22:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Ширек финалдар. 2-бөлім. Тікелей эфир

00:30. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Ширек финалдар. 1-бөлім жалғасы

 

11 қазан

09:05. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Ширек финалдар. 3-бөлім

19:50. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Ширек финалдар. 4-бөлім

 

Еске сала кетейік, бұл Әлем чемпионатында ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов бастаған қазақ елінің 8 былғары қолғап шебері қатысады.

 
0
0
364

«Таңшолпанда» — домбырашы Мұрагер Сауранбаев

Студияда ол эстрадалық «Жұлдызым» композиясын домбырамен орындады.

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында  домбырашы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Мұрагер Сауранбаев қонақ болды.

«Музыкамен кәсіби деңгейде айналысуға уақыт бола бермейді. Жұмыстан шаршап келгенде домбыра тартсаң, шаршағаның басылады. Ал, қуанып келсең, шабытыңды еселейді», - дейді ол.

Сондай-ақ, шетелде іс-сапармен жүрсе де, домбыраны тастамайтынын айтады.

«Жұмысыма байланысты шетелге көп шығамын. Сағынышты басатын, көңіл күйді көтеретін – домбыра. Сондықтан қайда барсам да, домбыраны өзіммен бірге алып кетуге тырысамын», - дейді Мұрагер Сауранбаев.

Студияда ол эстрадалық «Жұлдызым» композиясын домбырамен орындады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.


0
0
399

Бокстан өтетін Әлем чемпионатын «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарналары тікелей эфирден көрсететін болды

Қазан айының 6-сы мен 15-ші жұлдызы аралығы Катар астанасы Доха қаласында бокстан ересектер арасындағы Әлем чемпионат өтеді.

Аталған сында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынбақ.

Әлем чемпионатына дайындықты құрамында қазіргі әлем, Азия және Азиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы және жуырда ғана аяқталған Азия чемпионатының жеңімпаздары Олжас Сәттібаев, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және Иван Дычко бар Қазақстан құрамасы бас бапкер Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен пысықтаған болатын.

Қазақстан құрамасының толық құрамы:

52 келі - Олжас Сәттібаев

56 келі - Қайрат Ералиев

60 келі- Закир Сафиуллин

69 келі - ДаниярЕлеусінов

75 келі - Жәнібек Әлімханұлы

81 келі -ӘділбекНиязымбетов

91 келі - Василий Левит

+     91 келі - Иван Дычко.

«Қазақстан» ҰТА мен «KAZsport» телеарнасы бокстан өтетін әлем чемпионатын 6 қазан күні басталатын алғашқы айналым сындарынан бастап ақтық сындар өтетін 15-ші қазанға дейін толығымен көрсетпек.

Алғашқы айналым сындары мен ширек финалдық кездесулер «KAZsport»телеарнасының эфиріне жоспарланған. Ал жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектерді көрермендер «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфирінен көре алады, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының баспасөз-қызметі.

0
0
255

Жасыл экономика. Тұрақты энергетика бастамасы

24.kz

1b0e33b3ac1c4a42807e25b657b26ff8_L

Энергия мен энергетикалық ресурстардың тапшылығы.

Қоршаған орта жағдайының нашарлай түсуі, геосаяси және әлеуметтік қауіп. Мұның барлығы тұтынылатын қуат мөлшеріне деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтін факторлар. Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл» энергетиканы дамытуға қолдау білдіретін орталық ашу қажеттігі жөнінде ұсыныс тастады. Толығырақ бүгінгі шығарылымда.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9118

1
0
1215