Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кремний алқабының ірі компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесіне өздерінің жасалымдарын ұсынады

www.kazinform.kz

ап

АСТАНА. ҚазАқпарат – ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев АҚШ-тың жаңа технологияларды жасау және өндірудің әлемдегі ең ірі орталықтары орналасқан Сан-Франциско мен Кремний алқабына барды.

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЭКСПО-2017 комиссары Сан-Франциско мэрінің орынбасарымен, «GoogleEarth», «StanfordGlobalThermostat», «ObscuraDigital», «PlanetLabs» компанияларының басшыларымен, сондай-ақ Стэнфорд университетінің ғылыми ортасымен кездесті.

Сан-Франциско мэрі Марк Чандлермен кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық пен американ-қазақстандық компаниялар серіктестігінің мүмкіндіктері талқыланды. М.Чандлер «АҚШ-тың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы ел үкіметінің климаттың өзгеруіне қарсы күрес және «жасыл» энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету саясатының қисынды жалғасы болатынын» атап өтті.

Сан-Францисконың энергияны үнемдеу технологиялары саласында мойындалған көшбасшы және әлемде «жасыл» қала сертификатын алған бірінші қала екенін есепке ала отыра, ол сондай-ақ Сан-Францисконың қазақстандық ЭКСПО көрмесіне Шанхайдағы көрмеде болғандай жеке павильонмен қатысу мүмкіндігін атап өтті.

Кремний алқабындағы кездесуде Р.Жошыбаев американдық компаниялардың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мүмкіндіктері туралы баяндап берді.

«GoogleEarth» басшысы Кейт Брэнт компанияның әлемдегі климаттық өзгерістер бойынша жобалары туралы айта отырып, көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбына үлкен қызығушылығы мен компанияның ЭКСПО-2017 көрмесі әріптестерінің бірі болу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін атап өтті. К.Брэнттің айтуынша, Google соңғы уақытта әлемдік көрмелерге белсенді қатысып, экологиялық жобаларды қолдап келеді. Мәселен, таяуда компания БҰҰ-ның «Барлығына арналған тұрақты энергетика» бастамасының әріптесі атанды.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9114

1
0
572

Осы тақырып бойынша

Кремний алқабының ірі компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесіне өздерінің жасалымдарын ұсынады - Yvision.kz