Мазмұнға өту

Жаңа

Н.Назарбаевтың баяндамасы жүйелі әрі өзекті – Түркия сарапшысы

24.kz

асЕлбасының бастамалары Түркияның танымал ақпарат құралдарында да жарық көріп, жан-жақты талқыға түсіп жатыр.

Бауырлас елдің сарапшылары Біріккен ұлттар ұйымының мінберінде көтерген Қазақстан Президентінің бастамаларын жоғары бағалаған. Адана Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Таркан Кулактың айтуынша, қазақ елінің көшбасшысы бүгінде бүкіл әлемнің зәресін алған терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһандық деңгейде күш алып бара жатқанына ерекше назар аударды.

Бұл ретте адамзатқа төнген қауіп-қатерлерге қарсы жұдырық боп жұмылуға шақырған Нұрсұлтан Назарбаевтың бірыңғай әлемдік желі құру идеясы өзекті болып қала бермек, – дейді төраға.

Таркан Кулак, Адана Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы:

- Қазақстан Президенті мықты дипломат, тәжірибелі саясаткер. Ол Қазақстанның ұстанымын, өзінің көзқарасын халықаралық мінберлерде ашық айтып, әлемдегі қалыптасқан жағдайға қатысты салмақты ойларымен бөлісіп келеді. БҰҰ-ның мерейлі сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдеріне 5 ұсынысын жолдады. Оның екеуі іргелі ұйымның жұмысын заман талабына сай үйлестіруге қатысты болса, екеуі қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Сондай-ақ Қазақстанның Мемлекет басшысы 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрме аясында Жасыл технологияларды дамытуды мықтап қолға алған бірден-бір елге айналатынын айқындап өтті. Менің ойымша, Назарбаевтың баяндамасы өте жүйелі әрі өзекті.

http://gbpp.org/kz/2015/10/8676

 
0
0
411

2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» атты бүкіләлемдік көрме өтеді

24.kz

bd38c7356ef9271bcf1fbaf1e0805fbb_L Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашу.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясында осындай ұсыныс білдірді. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Баршаға арналған тұрақты энергетика» бастамасын қолдау үшін Астанада 2017 жылы «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен бүкіләлемдік көрме өткізіледі. Президент осы тарапта барлық мемлекеттерді көрмеге қатысуға шақырды.

 

http://gbpp.org/kz/2015/10/9010

1
0
567

А. Жұмағалиев Лондонда әріптестерін «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысып, өздерінің инновациялық технологияларын ұсынуға шақырды

www.kazinform.kz

20150914125646

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Ұлыбритания астанасында өткен Дүние жүзілік ядролық қауымдастықтың (World Nuclear Association – WNA) жыл сайынғы симпозиумына қатысты.

Симпозиум шеңберінде Қазақстанның ұлттық атом компаниясының басшысы шетелдік серіктестермен екіжақты келіссөздер өткізді, деп хабарлайды kazatomprom.kz.

Атап айтқанда, Асқар Жұмағалиев «Cameco» президенті Тим Гитцелмен, «AREVA» аға атқарушы вице-президенті Оливье Вноспен, Uranium One президенті Василий Константиновпен және тағы басқалармен кездесті. Іскерлік кездесулер барысында тараптар атом энергетикасы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың сан алуан қырларын сөз етті. Бір айта кетерлігі, Қазатомөнеркәсіп аталмыш компаниялармен ұзақ мерзімді және жемісті қарым-қатынастар орнатқан.

Қазақстанның ұлттық атом компаниясының басшысы әріптестерін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысып, энергетикалық міндеттерді шешудегі өздерінің инновациялық технологияларын ұсынуға шақырды.

Сапар соңында Асқар Жұмағалиев WNA симпозиумы аясында өтіп жатқан халықаралық мамандандырылған көрмені аралап, атом индустриясындағы кәсіпорындардың экспозицияларымен танысты. Көрмеге «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ да өз стендімен қатысты.

WNA мамандандырылған форумы – іскерлік байланыстар орнатуға, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, атом саласының өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін ірі коммуникациялық алаң. Іс-шараға әлемнің 30 елінен 600-ден астам адам қатысты, олар – мемлекеттік органдардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ ядролық энергетика саласындағы әлемнің жетекші компанияларының басшылары мен өкілдері.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9020

1
0
424

Елбасы Астанадан БҰҰ қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынды

www.kazinform.kz

20150929015408 (1)

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадан Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен

Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынды.

ҚР Президенті өз сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының «Баршаға арналған тұрақты энергетика» бастамасын қолдау үшін Астанада 2017 жылы «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен бүкіләлемдік көрме өтетіндігін айтты.

«Барлық мемлекеттерді көрмені дайындауға және өткізуге қатысуға шақырамыз. Болашақты ескеріп, «ЭКСПО-2017» көрмесі инфрақұрылымы негізінде Астанадан Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынамын.

 

http://gbpp.org/kz/2015/10/9030

1
0
877

БҚО білім саласындағы бақылау департаментіндегі семинар-кеңес

2015 жылдың 2 қазан күні Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру» атты семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2015 жылғы І жартыжылдығы қорытындысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды.

Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті қызметінің бірі мекемелерді тексеру болғандықтан, мекеме басшылығымен тұрақты түрде құқықтық оқулар ұйымдастырылады.

Шарада Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының консультанты Б.Хайруллин «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары» тақырыбында дәріс оқыды.

Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

 
0
0
1014

Телеканалы «Қазақстан» и «Kazsport» будут транслировать в прямом эфире традиционную профессиональную однодневную велогонку «Тур Алматы», которая состоится 4 октября в Южной столице.

Организаторы данного соревнования, входящего в число престижных однодневных гонок UCI, обещают интересную программу и довольно сложный маршрут с несколькими спецучастками, главный из которых – промежуточный спринтерский финиш по проспекту Аль-Фараби.

Общая протяженность маршрута – 186 километров (6 кругов – каждый из которых составляет 31 км).

На «Туре Алматы» в этом году участвуют 20 команд из 17 стран мира. Особо стоит отметить Astana Pro Team, в составе которой будет выступать победитель веломногодневки «Вуэльта-2015» итальянец Фабио Ару. Помимо «астанчан», нашу страну в этой гонке представят велокоманда Vino 4ever – недавняя участница чемпионата мира в Ричмонде и Национальная сборная Казахстана.

Телеканал «Kazsport» планирует показать гонку целиком с 8.30 до 14.30, начиная с презентации команд-участниц, а зрители Национального телеканала «Қазақстан» смогут увидеть финальную часть соревнования «Тур Алматы -2015» с 13.00 до 14.30 по времени Астаны.

 
0
0
228

«Қазақстан» және «Kazsport»телеарналары 4 қазан күні Оңтүстік Астанамызда өтетін дәстүрлі «Тур Алматы» кәсіби бір күндік веложарысын тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл жылы да ұйымдастырушылар UCI кестесіндегі аса маңызды біркүндік жарыстардың қатарынан саналатын Алматы турында қызықты бағдарлама мен күрделі маршрутқа негізделген тартысты бәсекенің өтеріне уәде беріп отыр. Бұл тұрғыда Әл-Фараби даңғылының бойындағы бір спринттік аралық межені ерекше атап өтуге болады.

Жарыс жолының жалпы қашықтығы – 186 шақырым (6 айналым, әр айналымның ұзақтығы – 31 шақырымды құрайды).

Бұл жылы «Тур Алматы» жарысына әлемнің 17 елінен келген 20 ұжым қатыспақ. Солардың арасында «Вуэльта-2015» көпкүндігінің жеңімпазы италиялық Фабио Ару намысын қорғайтын Astana Pro Team командасын ерекше орында. Астаналықтардан бөлек ел намысын жуырда Ричмондта өткен Әлем чемпионатынан оралған Vino 4ever мен Қазақстан ұлттық құрамасы қорғайды.

«Kazsport» телеарнасы «Алматы турын» таңғы 8.30-дан, командалардың таныстырылу рәсімінен бастап 14.30-ға дейін толығымен көрсетуді жоспарлауда. Ал «Қазақстан» ұлттық арнасының көрермендері жарыстың шешуші кезеңін Астана уақытымен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін тамашалай алады.

 
0
0
371

Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды тексеру нәтижелері туралы баспасөз ақпараты

Елімізде 140 мыңнан астам даму мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүреді, солардың ішінде 74 мыңын мүгедек балалар құрайды.

Прокуратура органдары осы санатқа жататын балалардың құқықтарын қорғауды тұрақты негізде тексеріп отырады.

Ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында прокурорлар тексеру шаралары барысында денсаулық сақтауда, әлеуметтік қорғауда, көмек және білім беруде мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары бұзушылғанын анықтады.

Атап айтқанда, тексеріспен осы санатқа жататын балаларға қатысты, оның ішінде ата-анасы тарапынан да, зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсету фактілері анықталды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/mumkindigi-shekteuli-balalardyn-kukyktary-men-muddelerin-korgaudy-tekseru

 
0
0
1484

Қызылорда аграрилері күріштен рекордтық өнім алды

Сыр дихандары биылғы жылы күріштің әр гектарынан 50,5 центнер өнім жинап, ел қамбасына 423 мың тоннадан астам астық құйды. Бұл ел тәуелсіздігі кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш соңғы 3 жыл бойы қатарынан қайталанып отыр. Бұл туралы биылғы егін жинау қорытындысы бойынша өндіріс озаттарын марапаттау салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

«Халықта несібесі мол елдің егіні бітік шығады деген сөз бар. Кеше ғана Сыр дихандары ала жаздай күтіп баптаған егіндерін жинады. Биыл да егіншілеріміз мол өнім алып, үшінші жыл қатарынан рекордтық көрсеткіш берді. Соңғы жылдары облысымыздың ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. Сыр елінің басты дақылы күріш өндірісінің көлемі 11,6% өсіп отыр. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, жылқы және түйе басының саны ең берекелі 90-шы жылғы деңгейден асып түсті. Ал агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 7,7 есеге өсті», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Аймақ басшысы облыста ауыл шаруашылық саласын дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.  Бүгінде тамшылатып суару әдісімен жүгері және қызанақ егіп, крахмал, томат пастасын өндіру жобаларының алғашқы жұмыстары басталып кетті.

Сондай-ақ, облыс әкімі сыр қауынының әлеуетін арттыру керектігін айтты. Кезінде Жаңақорған мен Қазалы арасындағы әр станцияда жұмыс жасаған қауын қабылдау пункттерін біртіндеп ашу мәселесі бойынша инновациялық жобаларды іске қосу үшін «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының мүмкіндіктері қарастырылатын болады.

Аймақта егін шаруашылығымен бірге мал, балық шаруашылығын дамыту барысында да табыстар көп. Бұл салаларды әрі қарай дамыту мақсатында Жаңақорған ауданында бірінші рет малшылар слеті және  Арал ауданында   бірінші рет балықшылар слеті өтті.  Айта кетейік, биыл облыста қуаты жылына 7 мың тонна тоқты етін өңдейтін ет комбинатын және ірі мал бордақылау алаңдарын салу жұмыстары қолға алынды.

Салтанатты жиында Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық күріш өндіруші және қайта өңдеушілер ассоциациясының төрағасы Абзал Ералиев  Елбасыға арналған Үндеуді оқыды. Мұнан соң облыс әкімі Қ.Көшербаев облыстың ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын 24 түрлі номинациямен марапаттап, заттай сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар, «Мал шаруашылығы бойынша озат аудан» – Арал ауданы, «Егін шаруашылығы бойынша озат аудан» – Сырдария ауданы, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша озат аудан» - Қазалы аудандары марапатталды. Ал егіні бітік шыққан Жалағаш ауданы науқан қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылды. Ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын марапаттау салтанаты мерекелік концертке ұласты.

Ақпарат көзі

 
0
0
691