Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыдағы «Aqua-Therm Almaty 2015» көрмесіне «жасыл технология» мен энергиялық тиімділігі жоғары жабдықтар шығарылды

www.kazinform.kz

20150902174545АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Атакент» Іскерлік Орталығында 8-ші Халықаралық тұрмыстық және өнеркәсіп жабдықтарының көрмесі ашылды. Оған әлемнің 21 елінен 158 компания қатысуда.

«Биылғы өткізіліп отырған дәстүрлі көрмеде әсіресе, жасыл технология мен энергия тиімділікке ерекше басымдық беріліп отыр. Көптеген компания осындай технологиялар мен жабдықтарды ұсынуда. Айта кеткен жөн, биыл көрмеге тұңғыш рет Таиланд елінің компаниялары қатысып жатыр , – деді өз сөзінде «Iteca» компаниясының PR-директоры Лариса Литвиненко.

Осы көрмеге жылыту, сумен қамтамасыз ету, сантитарлық техника, ауаны тазарту, хауыз, сауна және СПА жүйелеріне арналған тұрмыстық және өнеркісіп жабдықтары қойылды.

Сонымен қатар, көрме аясында тұңғыш рет «Тәжірибелік аймақ» жобасы ұсынылды. Онда қатысушылар нон-стоп режімінде инновациялық технологиялардың қалай жұмыс істейтіндігін келушілерге шынайы түрде көрсетеді.
Көрмені ұйымдастыруға ҚР Инвестиция және даму және Ұлттық экономика министрліктерімен қатар, Алматы әкімдігі қолдау көрсетті.
Көрме жұмысы 5-ші қыркүйекке дейін жалғасты.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9207

 
1
0
473

Мәжіліс екінші оқылымда Жаңа Еңбек кодексінің жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары екінші оқылымда Жаңа Еңбек кодексінің жобасын мақұлдады.

Ол Еңбек кодексінің жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалғанын атап айтты (83 қадам).

Жаңа Еңбек кодексін дайындауға бизнес қауымдастықтардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, республикалық және салалық кәсіподақтардың, еңбек заңы саласы ғалымдарының, Халықаралық еңбек ұйымы өкілдерінің және Дүниежүзілік банктің мүдделерін қорғайтын сарапшылар қатысты. Жұмыс тобының 20-дан астам отырысы өткізілді.

«Жаңа Еңбек кодексінің тұжырымдамалық моделі тараптардың мүдделер тепе-теңдігін сақтай отырып, олардың жауапкершілігі мен рөлін айқындап, жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастарына мемлекет тарапынан араласуын шегін нақты анықтауды ұсынады.

Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі деңгейдегі еңбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарының бұл міндеттемелерді орындауын қатаң бақылайтын болады.

Жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еңбек шарттары мен оның төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардың әлеуетін күшейте отырып, өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болады», - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, вице-министр Кодекс жобасында жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еңбек шарттары мен оның төлемақысын анықтау шараларының жеңілдетілгенін атап өтті. Сондай-ақ, негізгі еңбек кепілдемелері мен қызметкерлердің құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған.

Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақтардың рөлі кеңейтілді, оның ішінде жақында қабылданған «Кәсіподақтар туралы» Заңда қарастырылған мүмкіндіктер де есепке алынды.

Осылайша, юнионизация тәжірибесінің дамуына септігін тигізетін тараптардың ұжымдық шарттар мен келісімдер жасаудағы қызығушылығы арта түседі.

Еңбек қатынастарын ырықтандырудағы аталмыш модель  ЭЫДУ стандарттарына сай келеді.

Кодекс жобасында қарастырылған негізгі жаңа ережелер:

1.    Еңбек келісімінің шарттарын өзгерту шараларын жеңілдету, әсіресе экономикадағы дағдарыс жағдайында.

Бұл новелла жұмыс беруші қызметкерлер санын қысқартудың орнына толық емес жұмыс уақыты режимін енгізу және қызметкерлерді уақытша өзге жұмысқа ауыстыру тиімді болған жағдайдағы шарттарды қарастырады.

Мәселен, жұмыс орындарын сақтау мақсатында кәсіпорынның жұмысы тоқтаған жағдайда (бір айдың орнына) қызметкерлерді уақытша ауыстыру мерзімін анықтау ұсынылады. Сондай-ақ, жұмыс берушінің қызметкердің денсаулығына зиян тигізбейтін кез келген бос орынға ауыстыру (кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұрған жағдайда) құқығы қарастырылады.

2.      Жұмыс берушінің бастамасымен «ұйымның экономикалық жағдайының өндіріс, атқарылатын жұмыс, көрсетілетін қызмет көлемінің азаюы салдарынан нашарлауы» негізінде еңбек шарттарын бұзу негіздемесі енгізілді.

Қолданыстағы Еңбек кодексі бойынша қызметкерлерді қысқарту «қызметкерлердің штаты мен санын қысқарту» негізінде (қолданыстағы кодекстің 54 бабы 1 тармағының 2 тармақшасы) жүзеге асырылады. Бұл жағдайда қызметкерге 1 ай бұрын себебін түсіндірусіз хабарландырылады, қысқарту жағдайында бір айлық орташа еңбекақы көлемінде өтемақы төленеді.

Қазіргі таңдағы дағдарыс жағдайында жұмыс берушінің қызметкерлер санын қысқарту шараларын қолдану ықтималдығының артуы ескеріліп, жоғарыда аталған негіздеме жеке көрсетілді. Сонымен қатар, еңбек шартын бұзу мүмкіндігі келесі шарттарды бір мезгілде сақтаған жағдайда туындайды:

-          құрылымдық бөлімнің (цех, бөлімше) жабылуы;

-          қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігінің болмауы;

-          еңбек шартын бұзуға негіз болған экономикалық себептері көрсетілген кәсіподақтың кемінде бір ай бұрын берілген жазбаша ескертпесі.

Қызметкерлерге аталған негіздеме бойынша еңбек қатынастарын бұзу кезінде айлық еңбекақы мөлшерінде өтемақы төленетін болады.

Сонымен қатар, жұмыс берушіге зейнет жасына келген қызметкерлермен ҚР Заңымен белгіленген, бұзу тәртібін нақты регламенттелген еңбек шартын бұзу құқығының берілуі ұсынылады. Жұмыс берушіге жоғары деңгейдегі кәсіптілік пен біліктілікке ие, оның жұмысқа икемділігі мен денсаулығының жағдайын ескере отырып (мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерге ұқсас), зейнет жасына жеткен қызметкерлермен жыл сайын еңбек шартын ұзарту құқығы беріледі.

3. Жұмыс берушіге сынақтан өту мерзімін кез келген қызметкер санатына қою құқығын беру ұсынылады.

Бұл жаңа ереже қазіргі таңдағы жұмыс берушілерге 18 жасқа толмаған тұлғалар, ЖОО мен ТКБ-нің түлектері, мүгедектер, бірінші рет жұмысқа кіріскен азаматтар үшін сынақ мерзімін белгілеуге салынған тыйым аталмыш санаттағы азаматтардың жұмысқа орналасуына септігін тигізбеуімен шартталады. Өйткені, әдетте жұмыс берушілер оларды жұмысқа қабылдамайды.

4. Физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша шешім қабылдау үшін комплексті шаралар қолдану қарастырылады.

Қолданыстағы Заңға сәйкес мүгедектермен еңбек қатынастарын ырықтандыру бойынша жұмыс берушінің мүгедектерді жұмысқа алу міндеттемелерімен, олардың жұмыс орындарын құралдармен (дене мен ағза функцияларының бұзылуы мен шектеулерін ескере отырып) арнайы жабдықтаумен, сонымен қатар оларға қосышма демалыс уақытын (15 күннен кем емес), қысқартылған жұмыс уақытын (аптасына 36 сағаттан көп емес) белгілеумен, шамадан тыс жұмысқа тартуға тыйым салумен реттеледі. Тәжірибеде жоғарыда аталған талаптар мүгедектерді жұмысқа орналастыруға толыққанды мүмкіндік бермейді.

Парламентте қарастырылып жатқан «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңнамада жұмыс берушілерге қызметкерлердің жалпы санынан 2-4% құрайтын мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін арнайы жабдықталған жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген квоталарды енгізуді міндеттеу қарастырылады. Сонымен қатар мүгедектердің жұмыс орнын қажетті арнайы құралдармен жабдықтауға арналған жұмыс берушінің шығындарын мемлекеттің субсидиялауы ұсынылады.

Өз кезегінде, мүгедектерді шамадан тыс жұмыстарға жегуге тыйым салуды сақтау қарастырылады. Жұмыс уақыты мен қысқартылған жұмыс уақытының жалпы есебі (аптасына 36 сағаттан кем емес) өзгеріссіз қалады.

Осылайша, жұмыс берушіге жүктелген белгілі жүктемені мемлекет, жұмыс беруші және кәсіподақтарға жауапкершілікті бөлу арқылы азайту нәтижесінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселелері шешімін табуға жол ашады.

5. Жаңа Еңбек кодексінде қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселелері бойынша жұмыс беруші өз күшімен (жұмыс берушінің актілерін қабылдау арқылы) болмаса, қызметкерлер өкілдерінің бастамасымен (ұжымдық шарт жасасу негізінде) қызметкер жалақысының формасын, жүйесі мен көлемін таңдау мәселелерін шешу жағдайы қарастырылған.

Осылайша, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдеріне түнгі уақыттағы, демалыс және мейрам күндеріндегі, сонымен қатар, шамадан тыс жұмыс істегені үшін төлемақы мөлшерін еңбек және ұжымдық шарттар арқылы реттеу ұсынылады. Сонымен қатар, шамадан тыс жұмыс істегені үшін төленетін төлемақы негізгі мөлшерлеме көлемінің бір жарым есесінен кем болмауы шарт.

6. Қоғамдық бақылау саласын күшейту ұсынылып отыр. Кәсіподақ ұсынатын қызметкерлер арасынан техникалық инспекторлар институтын құрып, олардың еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша тепе-теңдік негізінде құрылатын өндірістік кеңестер аясында құзіреттілігін қарастыру ұсынылады.

Аталған кеңеске төмендегідей қызмет түрлерін жүктеу көзделген: еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілер мен қызметкерлердің ортақ қызметін ұйымдастыру, жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау шарттарын тексеру, қызметкерлерге оның нәтижесі туралы хабарлау

Өндірістік кеңесті тепе-тең шарттар негізінде қызметкерлер өкілдері мен жұмыс беруші 2 жыл мезгілдік ротация негізінде басқаратын болады. Жұмыс беруші үшін өндірістік кеңестің шешімі міндетті болады.

 
0
0
452

Жуырда! «Қазақстан» телеарнасында жаңа хикаялардың тұсаукесері!

Жаңа маусымда «Қазақстан» телеарнасы өз көрермендеріне жаңа жобаларды, соның ішінде бірқатар отандық хикаяларды ұсынады.

Өз өндірісінің контентін сапалы өзгерту мен жоғарылатуға байланысты «Қазақстан» телеарнасы мектеп оқушысынан бастап, еңкейген кәріге дейін жанға жайлы бағдарламаны ұсына білді.

Телеэфирден берілетін шетелдік өндірістің хикаялары қысқартылып, есесіне отандық телехикаялардың саны артты. Отандық теле хабар тарату арналарының ішінде біздің арна өзінің негізгі жобаларын орыс тілді жүгіртпе жолдармен бірінші болып бере бастады (қоғамдық маңызды бағдарламаларды, хикая өндірісін және деректі фильмдерді).

Жаңа маусымда телеарна «Жарық», «Жаңа қоныс», «Біздің ағай», «Таңдау», «Шырғалаң», «Жамбыл» және тағы басқа бірқатар өз өндірісінің хикаяларын телекөрермендерге ұсынады.

 

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова өз телехикаяларының өндірісі туралы: «Қазақстандық көрермен ата тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін барынша білуге құштар. Оның үстіне телеэкраннан өз замандастарын, бүгінгі өмірді көргісі келеді. Осы орайда, біз көрермендердің сұранысын барынша тез, әрі сапалы қанағаттандыруға тырысамыз. Отандық хикаяның сапасын жаңа деңгейге көтеру қолымыздан келді деген ойдамын. Біз идеяны, синопсисті, сценарийді әзірлейміз. Түсірілім үдерісін, монтажды бақылап, түсірілген материалды алдын ала қарап шығамыз. Хикаяларымыздың басты кейіпкерлері мұғалім («Ұстаз»), полиция қызметкері («Ауыл сақшысы»), дәрігер («Жедел жәрдем»)... Осы хикаялар арқылы медицина, білім саласындағы, шағын және орта бизнестегі жағдайды, қала мен ауыл, әке мен бала арасындағы және ең маңызды болып табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелерін көтереміз. Біз бұл жетістікке жету үшін көп еңбектендік. «Қазақстан» РТРК» АҚ тапсырысы бойынша биыл 12 хикая түсірілуде, бұл 217 серия. Қызықты да, шытырман оқиғаларға толы жаңа хикаяларды жуық арада назарларыңызға ұсынатын боламыз!».

«Қазақстан» телеарнасындағы жаңа маусым «Жарық» хикаясының тұсаукесерімен басталды. Бұл «жоғары кернеу аймағында» - Мойнақ ГЭС жанындағы оқиғалармен байланысты отбасылық оқиға. Хикая  Қазақстандық табиғаттың жауһарлары Шарын өзенін, Шарын шатқалын көрсетумен ерекшеленеді. Күздің соңына дейін көрермендерге жаңа үш хикая ұсынылады, олар: «Жаңа қоныс», «Біздің ағай» және «Таңдау».

«Жаңа қоныс» хикаясы эфирге 10-қазан күні шығады. Сюжеттің негізі заманауи тенденцияда қазақстандық қоғамның қарқынды дамуы, ауыл жастарының қала өміріне бейімделуі. Басты кейіпкерлер қаланың қақ ортасында пәтер жалдайтын отбасы. Бұл жағдай көпшілік тұрғындарға таныс. Өз пәтеріне қол жеткізем деген асқақ арманға жету жолында хикая кейіпкерлері қызықты да, күрделі жағдайларды бастан кешеді. Алайда, бұл жоба арқылы біз туған жерге деген махаббатты, ауылды түрлендіру, гүлдендіру мәселелерін көтереміз.

12-қазан күні «Біздің ағай» хикаясының тұсаукесері. Комедия жанрында түсірілген хикая зейнеткерлікке шығып, танымал блогер және жастардың тәлімгері атанған ауыл ақсақалының қызықты оқиғаларын паш етеді.

Күзгі маусымның басты премьераларының бірі – «Таңдау» хикаясы. Телехикаяның драмалық сюжетінде, ең алдымен, қазақстандықтардың зияткерлік ұлт екені көрсетіледі. Хикаяда нағыз достық пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсеткен төрт достың тағдыры сипатталады. Шетелден түскен көптеген ұсыныстарға қарамай, олар өз елінің дамуына, көркеюіне үлес қосуға бел буады. Көптеген қиыншылықтарға тап болған достар, мемлекеттен қолдау табудан үміт үзіп, инвестицияларды таныс-жақындарының арасынан іздей бастайды. Хикаяның тек соңына қарай «Алатау» IT парктің дирекциясына өтініш білдірген жастар елімізде өз ісін ашу үшін барлық шарттардың құрылғанына және барлық азаматтарға бірдей мүмкіндіктер бар екенін көріп, таң қалады. Хикая жастардың бойына отансүйгіштік сезімін ұялатып, өз мемлекетінің болашағына үлестерін қосу ілгерінді, нағыз азаматтарға тән қасиет екенін ұқтырады.

 

«Қазақстан» телеарнасы отандық хикаялардың өндірісін одан әрі жалғастыра береді. Толық ақпаратты www.kaztrk.kz сайтымыздан және біздің барлық әлеуметтік желілерден біле аласыздар.

   
0
0
605

Шетелдік ғылыми журналға мақаланы қалай жазуға болады?

Соңғы уақытта еліміздегі барлық ғылыми қызметкерлер шетелдің басылымдарында өз мақалаларын жариялау туралы ойлануда. Әркімнің өз себебі бар: ғылым қызметкері ретінде статусын көтеру, әкімшілік талабы, халықаралық грант немесе стипендия жеңіп алу және т.б. PhD зерттеушілері үшін бұл тіпті орындалуы міндетті талап және алынуы қиын қорған іспеттес. Осы себепті Systemic Academic курсының ұйымдастырушысы, әрі оқытушысы Евгений Бакиннің ағылшын тіліндегі ғылыми мақаланы дұрыс әзірлеу бойынша кеңестерін оқырман қауымға ұсынамыз.

Журналды таңдаңыз

 
0
0
616

Ақша табудың қысқаша жолдары

Құрметті, оқырман! Бүгін сіздерге ақша табу жолдарын ұсынамын. Қаншама адам айлықтан айлыққа өмір сүріп, абыр-сабыр боп жүреді, студенттердің де күні мәз емес. Декретке шыққан келіншектер де, зейнетке шыққан кісілер де бұл кеңестерді пайдаланса болады. Сондықтан мақалада қаражат табудың 5 жолын қарастырамын. Әрбір әдістің өз құндылығы бар. Мұқият болыңыз. Сонымен, бастадық.

  1. Шетелдік тауарларды сату. Бүгінгі таңда Aliexpress, Ebay, Таобао т. б. сайттардан кез-келген затты сатып алу мүмкіндігі бар. Ол парақшаларда бүкіл тауарлар арзан бағада сатылады. Жоғарыда көрсетілген сайттардан сатып алып, өз қалаңыздағы желілерде сатуға болады. Немесе бутиктерде сатушы таныстарыңыз болса, тауарлардың алуан түрлерін ұсынсаңыз болады.
  2. Өз қызметіңізді ұсыну. Барлық адамның қолынан әйтеуір бір іс келеді. Мәселен, шет тілдерін жақсы білсеңіз, адамдарды оқытатын курс ашыңыз. Егер қолыңыздан техника жөндеу, антивирус орнату, әктеп-сырлау т.б. қызметтер келсе хабарлама тақталарына жазып, осы қасиеттеріңізді қосымша кіріс ретінде пайдалансаңыз болады. 
  3. Қосымша табыс. Жұмыскер немесе студент болсаңыз, жұмыстан не сабақтан бос уақытта қосымша табыс табуға мүмкіндік көп. Бала күтуші, көлігіңіз болса қызметкерлерді тасымалдаушы, курьер, хабарламаларды ілуші, т.б. қызметтерде істесеңіз болады. Бірнеше сағат істеп, бір күндік табысыңызды аласыз.
  4. Блог немесе сайттан қаражат табу. Бұл өте қызықты жұмыстардың бірі. Пайдалы тақырыптарда блог жүргізіңіз. Бұл әдісте парақшаңызда рейтинг көтерілген сайын сізге пайда келеді. Қалай? –Оңай. Жарнама берушілерден, партнерлік бағдарламалардан, ақылы сілтеме мен мақала жариялап отырып, қаржы табуға болады.
  5. Хэнд мэйд. Бұл өз қолыңызбен жасай алатын ерекше сувенирлер, білезіктер, т.б. заттар. Көп адам сыйлыққа ерекше зат іздейді. Егер ерекше дүниелер жасай алатын шебер болсаңыз, бұл пункт сіз үшін.  Инстаграм, фейсбук, вконтакте, одноклассники, твиттер т.б. желілерге фотоға түсіріп, астына түсі, бағасын жазу арқылы жүзеге асырасыз.

Осымен тәмәм. Таңдау өзіңізде! Бір орында отырмаңыз, өмір өтіп жатыр! Күніңізді қызықты әрі пайдалы өткізіңіз. Қолыңыздан келгенше өзіңіз үшін жұмыс істеп, табыс табудың жолдарын қарастырып отырыңыз. Сәттілік!

Мадина Реброва

4
0
7296

Мемлекет бюджетіне 7,4 млрд. теңге өндірілді

Көлік прокуратурасы органдары Мемлекеттік кіріс комитетімен бірлесе отырып квазимемлекеттік сектор мен оның контрагенттерінің салық заңнамасын орындауына талдау жасады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/memleket-byudzhetine-74-mlrd-tenge-ondirildi

0
0
277

12,4 мыңнан астам ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды

2015 жылғы 16 наурыз бен 5 қазан аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 12432 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 12432 азаматтың 8078-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 2305 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 2049 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.

Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 5 қазан аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 3691шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 6341 рет барды.

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органның қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 5 қазандағы жағдайы бойынша 2024 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарының келесі сапарларында жеткізілетін болады.

Жұмылдыру топтарының жұмысы пилотты режимде жылдың соңына дейін созылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға бағытталған.

 
0
0
442

«Бірге таңдаймыз!». Кілемді тазалау тәсілдері

Бағдарламаны бүгін сағат 13:00-де тікелей эфирде көріңіз.

Құймақтың құпиялары дастарханда ерекше ұсынудың тәсілдерін бірге зерттейміз.

Дизайнерлік сумка-клатчты 5 минутта тігуді бірге үйреніп, кәуапқа арналған етті маринадтау жолдары мен сырларын бүгін сағат 13:00-де бірге таңдаймыз.

 
0
0
853

«Қырық та кеш емес...»

Кейіпкеріміз өтіп жатқан жылдарға қарамастан, махаббатын тауып, жар атанғысы келеді.

«Отырған қыз орнын табады» дейді қазақ. Оң жақта отырып қалған қыздардың жасы отыздан асып бара жатыр. Тіпті қырықта да бағы ашылмаған жандар қаншама. Бұған не себеп?

Бақытты болуға ұлғайған жас кедергі бола ала ма? Кейіпкеріміз өтіп жатқан жылдарға қарамастан, махаббатын тауып, жар атанғысы келеді.

«Әйел бақыты» бағдарламасын бүгін сағат 15:00-де тікелей эфирде көріңіз.


0
0
436

Назарыңызға! Конкурс!

Назарыңызға! Конкурс!
Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ «Книга, которую стоит прочесть» облыстық байқауы шеңберінде Эмиль Золя «Завоевание Плассана» кітабымен бәйгені әрі қарай жалғастырады
Байқауға кімдер қатыса алады?
Отандық және шетелдік жазушылардың сапалы әдебиетін оқып, аралысқысы келетін кез-келген 14 пен 29 жас аралығындағы жас азаматтар.
• Байқау қашан басталады?
Сұранымдарды 2015 жылдың 17-ші тамызынан бастап қабылдаймыз. Байқау ай бойы өтеді.
• Байқау шарттары қандай?
1 қадам: [email protected] сайтына «Книга, которую стоит прочесть» белгісімен сұраным жіберу;
2 қадам: ұсынылатын кітапты тауып, оқып шығу;
3 қадам: ұйымдастырушылардың қитұрқы сұрақтарына жауап беру үшін кітапты тағы бір рет оқып шығу:
4 қадам: байқау қатысушыларына арнап, өзіндік арнайы сұрағын құрастырып келу;
5 қадам: Жастар бастамаларын дамыту орталығына тағайындалған күні келіп, шығарма мазмұны бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап беру;
6 қадам: барлық сұрақтардың толық және дұрыс жауаптары үшін ММ «Павлодар облысы бойынша жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының» жетекшісі атынан жүлде алып, сондай-ақ ең қызықты сұрақтың иегеріне естелік сыйлық тартылады.
• Ақпарат жайында қайда жүгіну?
Жастар бастамаларын дамыту орталығына келу.
Мекенжай: Павлодар қаласы, Ломов 38 көш.
Байланыс телефоны: 8(7182)661242

0
0
332