Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Назарыңызға! Конкурс!

Назарыңызға! Конкурс!
Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ «Книга, которую стоит прочесть» облыстық байқауы шеңберінде Эмиль Золя «Завоевание Плассана» кітабымен бәйгені әрі қарай жалғастырады
Байқауға кімдер қатыса алады?
Отандық және шетелдік жазушылардың сапалы әдебиетін оқып, аралысқысы келетін кез-келген 14 пен 29 жас аралығындағы жас азаматтар.
• Байқау қашан басталады?
Сұранымдарды 2015 жылдың 17-ші тамызынан бастап қабылдаймыз. Байқау ай бойы өтеді.
• Байқау шарттары қандай?
1 қадам: [email protected] сайтына «Книга, которую стоит прочесть» белгісімен сұраным жіберу;
2 қадам: ұсынылатын кітапты тауып, оқып шығу;
3 қадам: ұйымдастырушылардың қитұрқы сұрақтарына жауап беру үшін кітапты тағы бір рет оқып шығу:
4 қадам: байқау қатысушыларына арнап, өзіндік арнайы сұрағын құрастырып келу;
5 қадам: Жастар бастамаларын дамыту орталығына тағайындалған күні келіп, шығарма мазмұны бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап беру;
6 қадам: барлық сұрақтардың толық және дұрыс жауаптары үшін ММ «Павлодар облысы бойынша жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының» жетекшісі атынан жүлде алып, сондай-ақ ең қызықты сұрақтың иегеріне естелік сыйлық тартылады.
• Ақпарат жайында қайда жүгіну?
Жастар бастамаларын дамыту орталығына келу.
Мекенжай: Павлодар қаласы, Ломов 38 көш.
Байланыс телефоны: 8(7182)661242

0
0
292

Осы тақырып бойынша

Назарыңызға! Конкурс! - Yvision.kz